«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» - ел қорғанысының кепілі

Жуырда «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауыты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және зауыттың ашылуына бір жыл толуына орай мерекелік іс-шара өткізді. Оған Қазақстанның Тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев қатысты.

Жиналғандар зауыттың өндірістік орынжайларын аралап, шығарылатын өнім түрлерімен танысты. Сонымен қатар, кәсіпорынның еңбек ұжымымен жүздесіп, зауыттың жұмысы елдің қорғаныс қабілетін нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтіп, жұмысшыларға табыс тіледі. Өз кезегінде еңбек ұжымының мүшелері де жеткен жетістіктері жөнінде әңгімеледі.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Бас директоры Ербол Сәлімов кәсіпорынның болашақ дамуы туралы айтып берді. Бұл зауыттың әскери техникалары қорғаныс саласына, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және төтенше жағдайларда кәдеге пайдаланылатынын жеткізді.

Бүгінде аталмыш кәсіпорын  Қазақстан ғана емес, Орталық Азияда баламасы жоқ бірегей саналады. Оның ашылу салтанатына Мемлекет басшысы – Қарулы Күштеріміздің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, шығарылатын өнім түрлерімен танысқаны есімізде.

«Қазақстан инжиниринг Дис­трибьюшн» ЖШС мен «Парамаунт групп» (ОАР) компаниясы бірлесіп құрған зауыт оқ өткізбейтін доңғалақты машиналар өндіреді. Зауыттың өндіріс қуаты жылына 120 оқ өткізбейтін доңғалақты машина шығара алады.

Зауытқа шетелдік әріптес тарапынан тек болат парақтар, яғни оқ өткізбейтін көліктердің сыртқы қаңқасына, ішкі ірі бөлектеріне қажетті шикізат қана тасымалданады. Шикізатты лазермен кесіп-пішу, балқыту, жабындыларын бояу, құрастыру, сапасын сынап көру, басқа қажетті бөлшектерді жасау, бұзылған техниканы қайта жөндеу, уақыт талабына сай жаңғырту сынды қыруар жұмыстың бәрі осы жерде жүзеге асады екен. Ұсақ бұрандалардан бастап, оқ өткізбейтін шыны терезе, қарудың оптикалық құрылғы сияқты жарақтары, экипаждардың өзара байланыс құралы, осының барлығы отандық өнім. Яғни, қазақстандық үлестің басым болуына кәсіпорын көңіл бөліп отыр.

Зауыттан өндірілетін барлық техника халықаралық стандарттар негізінде жасалатындықтан өнімді Қазақстанның өзінде де, сонымен қатар, шетелде де айналымға жіберуге болады.

Бүгінде аталмыш кәсіпорында «4х4» дөңгелекті формуласындағы «Арлан» броньды дөңгелекті машинасы (БДМ),  «4х4» дөңгелекті формуласындағы «Номад» броньды дөңгелекті машинасы (БДМ), «6х6», «8х8» дөңгелекті формуласындағы «Барыс» бронетранспортері (БТР) шығарылады.

Тағы бір айта кетерлігі, зауыттағы техник мамандардың арасында «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып келген жастар да бар. Жұмыскерлер ОАР-дағы зауыттарда тәжірибеден өткен. Кәсіби біліктілікті айтпағанда, еңбек шартында көрсетілген талаптарды орындауға да ерекше мән беріледі. Себебі әскери техника шығаратын зауыт стратегиялық нысан саналады. Машиналардың жасалу технологиясы құпия ұсталуға тиіс.

Бүгінгі күні зауыт Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің мемлекеттік қорғаныс тапсырысын және басқа да республикалық әлеуетті мекемелердің тапсырсын орындауда. «Арлан» броньды дөңгелекті машинасының алғашқы топтамасы ағымдағы жылы қазақстандық армияны қаруландыруға түсті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"