Екі елдің Қарулы Күштері арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық шеңберінде Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің штаттық қызмет бойынша бас директордың орынбасары бригадалық генерал Аниндия Сенгуптамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар қазақстандық бітімгершілердің БҰҰ миссиясына қатысу мәселелерін талқылады. Делегацияның сапары шеңберінде бітімгершілік миссияға бірлесіп қатысу туралы екі елдің Үкіметі арасында Меморандум жобасының қаралуы өтті. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері іс жүзінде патрульдеу, базалық лагерьді күзету, блок-бекетте қызметті ұйымдастыру, гуманитарлық жүкті алып жүру бойынша оқу мәселелерін пысықтады.
«Соңғы жылдары екіжақты қарым-қатынастар анағұрлым серпінді сипатқа ие болып отыр. Елдеріміз лаңкестік, экстремизм және сепаратизмді қоса отырып, бірқатар халықаралық проблемалар бойынша жақын көзқарасты ұстануда, - дейді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев.
Бітімгершілік қызмет халықаралық міндеттемелерді орындау, әскери-саяси ұстанымдарды, мүддені және жалпы, еліміздің әлемдік аренадағы беделін ілгерілету шеңберінде Қазақстан үшін зор мәнге ие екенін айта кету қажет. Кездесу қорытындысы бойынша шетелдік меймандар үшін бітімгершілердің қару-жарақтары мен мүліктерінің, отандық өндірістің жаңа әскери киім үлгілері паш етілді.