Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс министрлері әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жаңа келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың арасында келіссөз өтті.

Келіссөз барысында тараптар жақын арадағы болашақта өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ, екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтіп, қорғаныс саласындағы бірқатар мәселелерді талқылады. Ресей Федерациясымен әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан мен Ресей президенттерінің уағдаластығы негізінде біздің тарапқа 5 дана С-300 зениттік зымыран кешені берілді. Одан басқа, ресей тарапы осы кешендерге 170-тен аса зениттік зымырандарды тапсыру жөніндегі мемлекетішілік процедураны ресімдеуді аяқтауда. ҰҚШҰ шеңберінде мүше мемлекеттер арасында әскери мақсаттағы өнімді транзиттеу және әскери тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік беретін мемлекетаралық келісім жасасу бойынша мәселе қаралды. Мұндай келіссөздердің маңызды нәтижелері ретінде ҚР мен РФ қорғаныс ведомстволарының торапты бірлесіп пайдалануға көшуді, қазақстандық мамандарды оқыту және бұдан бұрын ресей тарапымен пайдаланылған жер телімінің шекараларын қысқартуды көздейтін зымыранның шабуылы туралы алдын алу жүйесінде Балқаш торабын тапсыру және пайдаланудың жаңа шарттарын айқындау туралы келісімнің бекітілуін ойдағыдай деп атап өтуге болады. «Әскери-техникалық ынтымақтастық саласында біздің әрі қарайғы жұмысымыздың жаңа шеңберін, жаңа шекарасын ашатын келісімге қол қойдық», - деп Иманғали Тасмағамбетов Ресей қорғаныс ведомствосының басшысымен келіссөзден кейін хабарлады. Өткен жылдан бастап әскери-техникалық ынтымақтастық туралы қазақстандық-ресейлік шарт қолданысқа енгізілгенін айта кеткен жөн. Аталған шарттың тетігі Қарулы Күштерімізге ресейлік армиясына секілді құны мен жинақталуы бойынша бірқатар заманауи қару-жарақтың жеткізілуіне мүмкіндік берді. Бұл Су-30СМ жойғыштары, Ми-171Ш пен Ми-35 әскери-көліктік және жауынгерлік тікұшақтары, радиотехникалық барлау және мониторингілеу құралдары, сондай-ақ, өзге де қару-жарақ.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"