Қазақстан Әскери әуе күштерінің әуеайлағына жаңа Ми-35М тікұшағы әкелінді

Төрт көп мақсатты соққу беруші Ми-35М тікұшағы алғаш рет Қазақстан Әскери-әуе күштерінің қару-жарақ қатарына қосылып, еліміздің оңтүстігіндегі тұрақты мекеніне жеткізілді.

Әкелінген тікұшақтар легін пайдалану еліміздегі Әскери-әуе күштерінің ұрыс қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Ұшқыштар құрамы қайта оқудан өтіп, авиацияға әкелінген жаңа техниканы ұшуда сынап көруге дайын.

Аталған Ми-35М тікұшағының биік ұшу-техникалық сипаттамасы бар, ол жоғары температура жағдайларында мен биік таулардан ұшудан қолдануда жақсы нәтиже береді. Бұл тікұшақ жай және қолайсыз ауа-райында басқарылатын және басқарылмайтын қару-жарақты ұрыста тәулік бойы қолдануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ көздеген мақсатына күндіз 10-25 метр биіктікте ұшуды, ал түнде кемінде 50 метр биіктікте ұшуды орындай алады.

Ми-35М тікұшағының навигациясы мен электронды индикациясының заманауи кешенмен жабдықталуы осындай тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

 Бұдан өзге, ұрыс машинасының шабуылдан қорғану кешені мен қосымша опциялары бар. Ми-35М тағы да бір артықшылығы оның құрылысының жетіктігінде, яғни тікұшақ акустикалық белгілерін төмендетіп, ұрысқа шыдамдылығын арттырады, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетудегі қиындықтарды төмендете алады.

Негізгі соққы беретін қызметтерінен өзге, Ми-35М тікұшағы жеке құрам мен жүктерді тасымалдау, медициналық қызметкерлермен қоса сырқаттар мен жаралыларды алып жүру үшін пайдаланылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі мен Рособоронэкспорт кәсіпорнының арасындағы шарт аясында тікұшақтарды жеткізу жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"