Қайырымдылық – қадірлі іс

Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау – қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның азаматтық парызы.

Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. Қашан да алған қолдан, берген қол қайырлы. 

Осы мақсатта, жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясының шеңберінде Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы жалғызбасты көп балалы ананың балаларын мектепке даярлауға қол ұшын тигізді.

Әскер шебінде жүрген әрбір азаматтың жүрегі елім, жерім деп соғары анық. Ал сол елдің әлсізіне тіреу, қорғанысызына желеу болу да әр әскери қызметшінің азаматтық парызы деп білген жергілікті басқару органдарының жеке құрамы аталған акцияға жыл сайын дәстүрлі түрде қатысып келеді.

Бейбітгүл Тыныбаева – 4 баланы жалғыз асырап отырған ана. Балалардың алды студент болса, кейінгі екеуі мектепте білім алады екен.

«Екеуін университетке, екеуін мектепке дайындау маған оңай болып тұрған жоқ. Балалар жыл санап өсіп келеді, жыл сайын жаңа форма алу қажеттілігі туындайды. Оған қоса, оқу құралдары тағы бар. Міне, бүгін бір жүгім азайып қалды. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметкерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз»,- деп көп балалы ана қуанышымен бөлісті.

Жергілікті басқару органдарының жеке құрамы отбасының 9 және
11 жасар балаларын мектеп формасымен, мектепке ұстайтын сөмкелер және қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

 

Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"