Қатардағы Тойымбаевтың төсбелгісі озаттығы үшін берілді

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай    ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың 2017 жылғы 28 қарашадағы 696-шы бұйрығымен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы (амфибиялық) барлау ротасының маманы (барлаушы) – жарғыш қатардағы Медеу Елеуұлы Тойымбаев қойылған міндеттерді орындаудағы озаттығы үшін II дәрежелі «ЕЛ ҚОРҒАНЫ» медалімен наградталды.

   Қатардағы Медеу Тойымбаевқа II дәрежелі «ЕЛ ҚОРҒАНЫ» медалін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов табыс етті. Медеу Тойымбаев 1998 жылы 8 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Бала күнінен ұшқыш болуды армандады, әрі әскери адам болатынына нық сенді. Ол орта мектепті бітірген 2016 жылдың қараша айында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Үшарал гарнизонының 40398 әскери бөліміне Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылды. 2017 жылдың қаңтар айында қолбасшылыққа қарасты Семей гарнизонының 44736 әскери бөліміне оқ ату мен қолдау ротасының зениттік артиллерия взводына ауыстырылды. 16 қараша күні мерзімді қызметті өтеу уақыты аяқталып, еліміздің Қарулы Күштеріне келісім шарт бойынша әскери қызмет етуге шешім қабылдады. Бүгінгі күні арнайы мақсаттағы (амфибиялық) барлау ротасының маманы (барлаушы) – жарғыш лауазымында әскери қызметін атқарып келеді. Қатардағы Медеу Тойымбаев – еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. Сондай-ақ, АК-74 қаруынан нысананы көздеп атудан жаттығуларды өте жақсы орындайды, оқу-жаттығуларында қойылған тапсырмалар мен қызметтік міндеттерді сапалы орындайды. Бөлімнің жауынгерлік дайындық деңгейінің жоғары болуы үшін үлесін қосып, қоғамдық іс-шараларға да белсене қатысады. Басты мақсаты – Отанын, елі мен жерін ерекше қадір тұтатын, рухы мықты, намысы биік офицер болу.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"