Қарулы Күштерде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа босатуда

Қарулы Күштерде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа босатуда

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде 2016 жылғы күзде шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа салтанатты шығару рәсімі өтті.

Белгіленген мерзімді өткерген және запасқа босатылатын әскери қызметшілер, әскери абырой, ар-намыс пен даңқтың символы Жауынгерлік тумен қоштасты. Салтанатты сап түзеуде бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары оларға денсаулық, сәттілік және береке, ал олардың отбасыларына ашық аспан тіледі. Құттықтау сөздері аяқталысымен қызметтік жауынгерлік тапсырмаларды адал орындағаны үшін сарбаздар грамоталар, алғыс хаттар, қызмет туралы фотоальбомдар және естелік сыйлықтармен марапатталды. Одан кейін запасқа босатылып жатқан әскери қызметшілер соңғы рет өздерінің бөлімдерінің алаңқайында маршпен жүріп өтті.

«Қызметімізді жылулық сезіммен және жақсы әсерлермен еске алып отырамыз. Біз үшін теңіз жаяу әскері туған үйімізге айналды, теңіз жаяу әскерінің жалыны жүрегімізде от болып лаулап тұрады. Бізге демеу болып, қолғабыс жасаған, оқытқан, уайымдаған, бұл жолдан өтуге көмектескен баршаларыңызға алғыс білдіреміз», - деп 25744 әскери бөлімі теңіз жаяу әскерлерінің сарбаздары атынан сөз сөйлеген Алматы облысынан қатардағы жауынгер Еркінбек Аңсар.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлері Виталий Родионов, Нариман Думанов пен Жәнібек Әбілдин ҚР Қарулы Күштерінің ҚАЗБАТ бөлімшесінде қызмет еткендерін мақтан тұтады. Олардың айтуынша, дәл осында, яғни, әскерде ең жақсы болып саналатын адами және кәсіби қасиеттер пайда болды.

«Керемет қызметтерің үшін үлкен алғыс білдіремін. Сапта тұрған әрқайсыларың өздеріңнің қажырлы еңбектеріңмен аға буынның дәстүрін лайықты түрде жалғастыра отырып, Отанға деген адалдықтарыңды дәлелдедіңдер. Өмірдегі өз жолдарыңды табуларына тілектеспін. Бұған Десанттық-шабуылдау әскерлерінде жинақтаған тәжірибелерің септігін тигізеріне сенімдімін», - деді салтанатты шара барысында Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Виктор Житник.

2017 жылы барлығы 5000-ға жуық мерзімді әскери қызметші запасқа босатылуға жатады. 
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений