Қарулы Күштерде кенеттен оқу-жаттығу жалғасуда

Құрамалар мен бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру және әскерлердің дағдарыс ауданына қайта топтасуын ұйымдастыру бойынша тосыннан оқу-жаттығу шеңберінде полигондарға ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлімшелері шығарылды.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлері жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда тікелей арналуы бойынша күштер мен құралдардың өрістетілуін жүзеге асырып, материалдық құралдар мен оқ-дәрілерді әкеліп беру, далалық азық-түлік қоймаларының желісін ұйымдастыру, жаралылар мен науқастарды көшіру мәселелерін пысықтады.

Сондай-ақ, оқу-жаттығу барысында істен шыққан зақымдалған машиналарды, далалық жанар-жағармай қоймасы, құю пункті, далалық артиллериялық қойма, жылжымалы механикаландырылған наубайхана, шағын механикаландырылған кір жуатын орын, жеке құрамды жуындыруға арналған мобильді монша, мобильді операция-реанимациялық кешен, далалық госпиталь жөндеу пункті өрістетіліп, іске қосылды.

 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлерді қамтамасыз етудің негізгі түрлерінің бірі болып табылатынын айта кеткен жөн. Олардың міндетіне әскерлерді тікелей материалдық құралдармен, әскери-техникалық мүлікпен қамтамасыз ету кіреді. Мұндай тосыннан оқу-жаттығудың өткізілуінің арқасында МТҚ бөлімдері мен бөлімшелері әскерлерді үздіксіз және уақтылы қамтамасыз ету бойынша қойылған тапсырмаларды орындау үшін шынайы іс-қимыл тәжірибесін жинақтайды. А.ж. 15 қарашада заңсыз қарулы құралымдар топтарын оқшаулау, жою және тұтқындарды босату бойынша арнайы мақсаттағы бөлімшелердің күшімен оқу арнайы әскери операция жүргізілді. Арнайы операцияның қорытындысы бойынша тұтқындар босатылды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"