Қарулы Күштерде алғаш рет «Тактик» оқыту курстары басталды

Қазақстанның Қарулы Күштерінде мотоатқыштар (механикаландырылған) батальондары, десанттық-шабуылдау бригадалары мен теңіз жаяу әскерлері командирлерінің біліктілігін арттыру үшін «Тактик» курстары басталды. Аталған курстар алғаш рет өткізілуіне орай, Құрлық әскерлері басшылығының қатысуымен бүгін ашылу рәсімі өтті.

Оқыту курстары Құрлық әскерлері әскери институтының базасында ұйымдастырылды. Курстың оқыту мерзімінің ұзақтығы бір ай. Осы уақыт ішінде батальон командирлері әскерлерді басқару мәселесінде дербес даярлық деңгейін сапалы арттыруы, сеніп тапсырылған бөлімшелерді өздерінің әскери мақсаттарына сәйкес епті қолдана алу дағдыларын, сонымен қоса алған жаңа білімдерін меңгеруі қажет. Қарулы Күштердің жоспарға сай техникалық жабдықталуын жаңартуын ескерер болсақ, аталған курстың тағы бір мақсаты заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы зерделеу болып табылады.

Осы орайда, батальон командирлері далалық жағдайларда техникалар мен қаруларды пайдалану ерекшеліктерін зерделеп, оларды әскери оқу-жаттығу міндеттерін орындау кезінде тиімді қолданатын болады. Оқытудың негізгі пәні тактикалық даярлық болмақ.

Оқу-жаттығу пәндерін сапалы пысықтау мақсатында шынайы әскери жағдайға барынша келтіру үшін жауынгерлік, артиллериялық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің, өткелдермен жасалған миналанған жерлердегі, блокпост және басқа көптеген нысаналар жабдықталды. Батальон командирлері оқытуды бастар алдында медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден өтіп, дене даярлығы және жалпыәскери жарғылар бойынша сынақ тапсырды. Оқыту курсын аяқтауы бойынша офицерлер кешенді емтихан тапсырады. Олар алған білімінің кәсібіне сәйкестігін растауы тиіс. Аталған тексерулердің нәтижелері әскери қызметшілердің кәсіби жарамдылығы туралы ұсыныстарымен бірге курстарды оқыту қорытындысының негізгі талдауына кіреді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"