Қарулы Күштерде әскери техниканы жазғы пайдалану режіміне көшіру жөнінде жұмыстар басталды

Қазақстанның Қарулы Күштерінде техника мен қару-жарақты жазғы пайдалану кезеңіне дайындау жөнінде жоспарлы іс-шаралар басталды. Бұл бағыттағы белсенді жұмысты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 01731 әскери бөлімінің әскери қызметшілері алғашқылардың бірі болып бастады.

Техниканы жазғы режімге көшіру бойынша іс-шаралар дәстүрлі болып саналады. Жыл сайын әскери техниканың әрбір бірлігінде қару-жарақ пен әскери техникаға,  парк-гараж жабдығына маусымдық қызмет көрсету жөнінде жұмыстар кешені жүргізіледі. Қару-жарақ пен әскери техникаға маусымдық қызмет көрсету жылына 2 рет жүзеге асырылады. Жазғы кезеңге пайдалануға дайындалатын техникалар арасында зымыран-артиллериялық қару-жарақ, автомобильді және броньды танкті техника бар.  Әскери қызметшілер жанар-жағармай материалдарының қысқы сұрыптарын жазғыға ауыстырды. Алдын алу іс-шаралары барысында қозғалтқыштардың, жүріс бөліктері мен т.б. жұмысын қамтамасыз ететін жүйелерге қызмет көрсетіліп, дайындалады. Техника мен қару-жарақ ұдайы негізде бүтін күйде және жауынгерлік әзірлікте болуы тиіс.  Бұған аталмыш техниканы ұқыпты ұстау және оны уақтылы баптау негізінде қол жеткізуге болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"