Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2018 оқу жылына арналған дайындық жоспарына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне дайындау бойынша жоспарлы іс-шаралар басталды.
Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режіміне дайындау үш кезеңде өткізіледі. Дайындық кезеңі барысында жеке құрамды, бекеттер мен учаскелерді, техникалық қызмет көрсету құралдарын, жауынгерлік машиналар парктерінің технологиялық желі элементтерін дайындау, қару-жарақ пен әскери техниканы қосалқы бөліктер және жанар-жағармай материалдарымен, аспап және керек-жарақтармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар атқарылуда. Өткізілетін іс-шаралардың толыққандылығы мен сапасынан жазғы жағдайда, оның ішінде, қоршаған ауаның жоғары температурасы мен қатты тозаңдылық кезінде қару-жарақ пен әскери техниканың бүтіндігі мен жауынгерлік әзірлігін қамтамасызз етуге байланысты екенін айта кету қажет.