Қарулы Күштердің үздік сержанты анықталды

Қарулы Күштерді даярлау жоспарына сәйкес Ш. Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында Қарулы Күштердің үздік сержанты атағына IX бүкілармиялық байқау өз мәресіне жетті.

Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 16 команда, оның ішінде, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатысты. Сайыс Қарулы Күштер, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар мен бас басқармалар түрлерінің ауқымында өткізілген байқаудың жеңімпаз сержанттары арасында өтті. Байқау 10 әртүрлі сайыстан тұрды және 6 аталым бойынша өткізілді. Қорытындысын құзырлы байқау комиссиясы шығарды. Сапалы төрешілік етуді тәжірибелі офицерлер мен сержанттар санатынан Қорғаныс министрлігінің тағайындалған комиссиясы қамтамасыз етті. Байқаудың бағдарламасына енгізілген сынақ барысында 87 қатысушының ішінен мынадай аталымдарда ең үздік сержанттар анықталды. «Үздік бөлімше командирі» номинациясы бойынша бірінші орынды ҚР ҚМ Кадет корпусының кадеті Еламан Саятов жеңіп алды. «Үздік взвод сержанты» бойынша бірінші орынды аға сержант Азат Мұсайыбов ҚР ҚМ Кадет корпусының взвод сержанты иеленді. «Үздік рота сержанты» номинациясы бойынша бірінші орынды 3-сыныпты сержант Самат Абайұлы, «Батыс» ӨңҚ 75488 әскери бөлімінің рота сержанты иемденді. «Үздік батальон (дивизион) сержанты» бойынша бірінші орынды ҚР Мемлекеттік күзет қызметі батальонының сержанты аға сержант Абылай Шерниязов еншіледі. «Үздік бригада сержанты» наминациясы бойынша бірінші орынды ҚР ҚМ Кадет корпусының сержанты 1-сыныпты сержант Мирбек Рахымбеков иемденді. «Үздік өңірлік қолбасшылық, әскер тегі сержанты» бойынша бірінші орынды «Оңтүстік» ӨңҚ сержанты штаб-сержант Сәрсенғали Батырашев жеңіп алды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды «Оңтүстік» ӨңҚ сержанттары, екінші орынды 14776 әскери бөлімінің сержанттары және үшінші орынды Құрлық әскерлерінің тікелей бағынысты бөлімдері жеңіп алды. Іс-шара аяқталған соң жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"