Қарулы күштердің қуаты

Қарулы күштердің қуаты

Еліміздің қорғаныс саласының 25 жылдық тарихында маңызды бірден бір әскер түрі –  ҚР ҚК зымыран әскерлері мен артиллериясы.  Дербестігін осыдан 14 жыл бұрын нақтылаған ҚР ҚК зымыран әскерлері мен артиллериясы (ҚР Президентінің 2003 жылғы 7 мамырындағы №1085 Жарлығы негізінде құрылған) бүгінгі таңда қарулы күштің қуатына айналды.
Заманауи жабдықталған әрі машықтанған әскеріміздің күн ілгеріген сайын әлеуеті артып келеді.

Жыл сайын қарашаның 19-ында Қазақстанның Қарулы Күштерінде Зымыран әскерлері мен артиллерия күні атап өтіледі. Яғни, тарихқа енген осы айтулы күнді бүгінгі күнге дейін тек Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясы ғана емес, көптеген Кеңес үкіметінің құрамында болған мемлекеттер дәстүрлі мереке ретінде қарастырады.  
Аталмыш кәсіби мереке мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін шешудегі әскери мамандардың зор еңбегін мойындау нышаны іспетті.
Жалпы, ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллериясы  ҚР Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен құрылды.
Қазақстандық армияның Зымыран әскерлері және артиллерия қарсыласты атыспен зақымдауда тапсырмалардың негізгі көлемін орындайтын Құрлық әскерлерінің негізгі оқ атушы күші болып табылады. Аталмыш әскер түрінің ерекшелігі жоғары маневрлік, дәлдік, жыл, тәулік мезгілі, ауа райы және тағы да басқа жағдайларда соққы тиімділігі тәуелділігінің болмауы болып табылады. ЗӘжА тактикалық зымырандардың құрамаларынан, гаубицалық, зеңбіректік, реактивті және танкіге қарсы артиллериядан, артилллериялық барлаудан, минаатқыш және танкіге қарсы бөлімшелерден тұрады. Қазіргі уақытта барлық десанттық-шабуылдау батальондарында минаатқыш батареялары тіреуіш тақтайшасын алмастырусыз 360 градусқа атысты жүргізуге мүмкіндік беретін 2015 жылы шығарылған  82 мм 2Б24 «Дева» жаңа заманауи минаатқыштарға қайта жарақтандырылған.  
ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллериясының жеке құрамы жауынгерлік және дене даярлығының жоғары деңгейін паш ете отырып, әртүрлі қазақстандық және халықаралық оқу-жаттығуларға белсене қатысады. Мұның айқын дәлелі ретінде аталған әскер түрі Армия халықаралық ойындарындағы «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауында сәтті өнер көрсетіп, бірінші орынды еншілеген болатын.  Өздерінің кәсіби дайындықтары мен жауынгерлік машықтарын  ұдайы жетілдіріп отырғандарының арқасында ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллериясы ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы қойған тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына кепіл береді.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП