Қарулы Күштердің ардагерлері «Жас ұлан» мектебі тәрбиеленушілерінің тәлімгерлері атанды

Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің қолбасшылығы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің Ардагерлер кеңесі бірлескен әскери-патриоттық қызметті бастап та кетті.

Бұл бағытта жұмыс жоспары құрылып, алғашқы атаулы оқиға болып өтті. Әскери мектеп ұландарының әрбір взводына ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері қатарынан тәлімгерлер бекітілді. Салтанатты сап түзеуде мектеп бастығы полковник Манат Батырбаев қиын-қыстау кезеңде тәуелсіз Қазақстан мен төл әскердің қалыптасуы барысында мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге олардың қосқан үлестерін атап өтіп, ұландарға тәлімгерлерін таныстырды.

Енді Қарулы Күштердің ардагерлері ұдайы негізде Отанның қайсар батырлары мен Қазақстанның бетке ұстар азаматтары ретінде «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілеріне тәрбие беру мен қалыптасуына белсене атсалысып, жас әскери қызметшілермен өздерінің әскери тәжірибелерімен бөлісетін болады.

 Әскери мектептер мен ардагерлер ұйымының мұндай өзара іс-қимылы Отан қорғаушылардың ұрпақ сабақтастығының байланысын нығайтып, ҚР Қорғаныс министрлігі өзінің қызметінде айрықша көңіл бөліп отырған әскери-патриоттық жұмыстың маңызды құрамдасы болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"