Қарулы Күштерінде әскерлерді оқытудың кезекті кезеңі – бөлімшелерді даярлау басталды

ҚР ҚК-нің әскери бөлімдері мен құрамаларында мамандық бойынша дайындықтан кейінгі әскерлерді оқытудың бірізділігіне сәйкес бөлімшелерді даярлау өткізілуде.

Бөлімшелерді даярлау бойынша сабақтар бөлімше командирлерінің жетекшілік етуімен өтуде және бір айға созылады. Аталмыш кезеңде әскери қызметшілер мамандық бойынша жеке дайындық барысында алған ұрыстың әр түрінде және жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда бөлімше құрамында кәсіби машықтарын шыңдайды.
Негізгі күш-жігер әскери қызметшілерде бөлімшелер құрамындағы іс-қимылдарға дайындауға және ұрыста штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы шебер әрі тиімді пайдалануда жеке құрамның далалық машығын жетілдіруге бағытталады. Дайындықтың шешуші кезеңінде бөлімшелердің жауынгерлік оқ атулары өткізілетін болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"