Қарулы Күштері Бас штабының Академия факультетіне – 7 жыл

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Қарулы Күштері Бас штабының Академия факультеті құрылуының 7 жылдығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Директивасына сәйкес 2010 жылғы 14 желтоқсанда Ұлттық қорғаныс университетінің әскери және мемлекеттік басқару факультеті құрылды. Кейіннен «Қарулы Күштері Бас штабының академиясы» факультеті болып атауы өзгертілді. Әскери және мемлекеттік басқару факультетінің құрылуымен еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде әскери кадрларды дайындаудың толық циклінің құрылуы аяқталды.
Қазіргі уақытта факультет Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін стратегиялық және жедел-стратегиялық деңгейдегі мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Магистранттар әскери стратегияны, жедел өнерді, әскери құрылыс пен Қарулы Күштердің құрылысын, әскери және мемлекеттік басқаруды, ақпараттық қарсы күрес пен өзге де пәндерді зерделейді. Оқыту курсының біршама бөлігі практикалық жедел-стратегиялық тапсырмалар, командалық-штабтық оқу-жаттығулар мен заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып, жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана отырып, стратегиялық әскери ойындар түрінде пысықталады. Сабақтар Имитациялық модельдеу орталығының базасын қолдана отырып, жабдықталған аудиторияларда, сондай-ақ ҚР ҚК Бас штабы бастығының басшылық етуімен әскери басқару органдарын жедел даярлау іс-шараларында өтеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"