Қару-жарақты бақылау – қауіпсіздік кепілі

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Қарулы Күштерінің иелігінде стратегиялық ядролық күштердің үлкен қоры қалды.  1991 жылғы жағдай бойынша Қазақстан аумағында жаппай          қырып-жою қаруының үлкен арсеналы болған, ол континентаралық баллистикалық зымырандарға арналған 1040 ядролық жауынгерлік бастиек (КБЗ) және ауыр бомбалаушыларға арналған 370 ядролық зарядты қамтыған.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ТМД Біріккен стратегиялық күштеріне айналған стратегиялық мақсаттағы КСРО-ның Зымыран әскерлері Қазақстанда Семей облысы Жаңғызтөбе елдімекенінде және Ақмола облысы Державинск елді мекенінде орналасқан Стратегиялық мақсаттағы екі зымыран дивизиясын қамтыған. Семей қаласына жақын Шаған елді мекенінде ауыр стратегиялық бомбалаушылардың авиациялық дивизиясы орналасқан.

1992 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің еліміздің алдында және көптеген бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының алдында жаппай қырып-жою қаруын таратпау принциптерін сақтау, қару-жарақты бақылау, сенім мен қауіпсіздікті нығайту сияқты бірнеше мақсаттарды біріктіретін бірқатар халықаралық шарттарға, келісімдерге және конвенцияларға қосылу қажеттігі тұрды.   

1993 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Жоғары Кеңесі «Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу туралы» қаулы қабылдады. ҚР және АҚШ арасында КБЗ шахталы ұшыру қондырғыларын жою, авариялық жағдайлардың салдарын жою және ядролық қаруды таратудың алдын алу туралы келісімге қол қойылды.

  Лиссабон Хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Украинамен қатар 1991 жылғы            31 шілдеде қол қойылған Стратегиялық шабуылдау қару-жарағын (СШҚ) жою туралы шарттың ережелерін орындау бойынша бұрынғы КСРО-ның мирасқор мемлекеті болып табылған. Шарт 1994 жылғы 5 желтоқсанда күшіне енді. Шарттың қолданылу мерзімі Тараптардың келісімі бойынша кезекті 5 жылға ұзарту құқығымен 15 жыл болып белгіленген. 15 жылдық қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Шарт ұзартылған жоқ және 2009 жылғы 5 желтоқсанда оның қолданылу мерзімі аяқталды. 

Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуына байланысты 1994 жылы Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ Қауіпсіздік кепілдігі туралы шартқа қол қойды. Кейін кепілдемелерге Қытай және Франция қосылды.

Стратегиялық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығын ескере отырып, қару-жарақты бақылау проблемасы мемлекеттік және саяси қайраткерлердің үнемі назарында тұрады. Мирасқор мемлекет ретінде Қазақстанның алдында стратегиялық және кәдімгі                   қару-жарақты бақылау жөніндегі бірқатар халықаралық шарттар мен келісімдер бойынша уағдаластықтарды сақтау қажеттігі туды.

  Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық және жай қару-жарақты қысқартуға байланысты шетелдік инспекция топтарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 мамырдағы №743 қаулысымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі орталығы (бұдан әрі – Орталық) құрылды және ол стратегиялық және кәдімгі қару-жарақты шектеу мен қысқарту, қару-жарақты бақылау, сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдер бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау, Қазақстан аумағында шетелдiк инспекциялық топтарының қызметiн қамтамасыз ету және                            өз кезегінде бірқатар халықаралық шарттар мен келісімдерге қатысушы мемлекеттер аумағында инспекция өткізу үшін арналды.

1995 жылғы мамырда бұрынғы Семей ядролық полигонының штольнясында соңғы ядролық заряд жойылды.

1996 жылы Қазақстаннан Ресейге стратегиялық бомбалаушылар шығарылды.

  1996 жылғы қыркүйекте Шабуылдау қару-жарағын қысқарту туралы шартқа (СШҚ-1) және Лиссабон хаттамасына сәйкес Жаңғызтөбеде (кейін Державинскіде) КБЗ және шахталы ұшыру қондырғыларын демонтаждау жөніндегі жұмыстар аяқталды. 

Ресейге осында орналасқан Ресейдің Стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлерінің екі дивизиясы да шығарылды.

1996 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынаққа жаппай тыйым салу туралы шартқа қосылды.

2000 жылғы шілдеде бұрынғы Семей сынақ полигонында ядролық сынақтарға арналған ақырғы штольня жойылды.

Қабылданған міндеттемелерге сәйкес Шарт Тараптары қысқартулардың үшінші кезеңінің соңында (2001 жылғы 5 желтоқсан) СШҚ-ны  жою жөніндегі өз міндеттемелерін орындады. СШҚ туралы шарт ережелерінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсету мақсатында қатысушы мемлекеттер инспекциялық қызмет жүргізді. 1995 – 2004 жылдар кезеңінде Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық шабуылдау қару-жарағының объектілерінде 13 инспекция өткізген болатын. Инспекциялау объектілері – «Ленинск» сынақ полигоны, Ленинск қаласындағы ғарыш объектілерін ұшыру орны, Державинск елді мекеніндегі және Жаңғызтөбе елді мекеніндегі КБЗ базалары, Семейдегі (Шаған е.м.) ауыр бомбалаушылар авиациялық базалары және Петропавлдағы СШҚ объектісі болып табылды.   

Инспекцияларды қамтамасыз етумен Орталық өкілдері айналысты. АҚШ инспекцияларының нәтижелері туралы есептер СШҚ туралы шарт бойынша Қазақстан Республикасының өз халықаралық міндеттемелерін толық және мүлтіксіз орындағанын растайды.

Шарттың жұмыс органы – Қадағалау және инспекциялар жөніндегі бірлескен комиссия (ҚИБК) болып табылады, ол Шартты іске асыру мәселелерін қараумен айналысқан. Шарт күшіне енген сәттен бастап     ҚИБК-ның 34 сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына ҚР СІМ және ҚМ өкілдері қатысты.      

Орталық бүгінгі күні жаппай қырып-жою қаруын таратпау және кәдімгі қару-жарақты бақылау саласындағы бірқатар стратегиялық, өңірлік және ішкі өңірлік халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының мынадай халықаралық міндеттемелерін іске асыруға жауапты:   

1. Ядролық қаруды таратпау туралы шарт.

2. Орта және жақын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарт.

3. КСРО мен АҚШ арасындағы стратегиялық шабуылдау қару-жарағын қысқарту және шектеу туралы шарт (СШҚ-1).

4. Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шарт.

5. Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты.

6. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасында шекара ауданындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы және шекара ауданындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімдер (Шанхай және Мәскеу келісімдері).

7. Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасында шекара ауданындағы қауіпті әскери қызметті болдырмау туралы келісім.

  8. Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу туралы конвенция.

9. Бактериологиялық (биологиялық) және уытты қаруды әзірлеуге, өндіруге және қорларын жинақтауға тыйым салу және оларды жою туралы конвенция.

  10. Шектен тыс зиян келтіреді немесе таңдамай әрекет етеді деп саналуы мүмкін кәдімгі қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы конвенция («Ізгіліксіз қару» туралы конвенция).

11. ЕҚЫҰ-ның жеңіл атыс қаруы туралы құжаты.

12. ЕҚЫҰ-ның кәдімгі оқ-дәрілер қоры туралы құжаты.

13. Баллистикалық зымырандардың таралтуын болдырмау жөніндегі халықаралық тәртіп кодексі.

  14. ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумының әртүрлі шешімдері, БҰҰ мен АӨСШК Қауіпсіздік кеңесінің және Бас Ассамблеясының қарарлары. 

 

  Осылайша, Орталықта Қорғаныс министрлігінің басқа құрылымдарын қайталамайтын халықаралық әскери ынтымақтастықтың өзіндік сегменті бар, Орталық тиісті бағыттар бойынша Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен – ЕҚЫҰ департаментімен, Көпжақты ынтымақтастық департаментімен, ШЫҰ қызметінің мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісімен өзара жедел және сапалы                     іс-қимыл орнатқан.

Орталық өз қызметін жоғарыда көрсетілген халықаралық шарттар шеңберінде жүзеге асырады, олар мерзімсіз немесе нақты қолдану мерзімі бола тұра белгілі жылдарға ұзартылады.

Орталық Орталық Азия өңіріндегі жалғыз ұйым болып табылады және қару-жарақты бақылау және сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту жөніндегі міндеттемелерді орындау шеңберінде Қорғаныс министрлігінің әскери-саяси деңгейдегі қызметін қамтамасыз етеді.  

  Қазіргі кезде, Орталық тарихи жағынан қысқа мерзімде, Орталық жеке құрамы еліміздің аумағынан ядролық жауынгерлік бастиегі бар континентаралық баллистикалық зымырандарды және стратегиялық бомбалаушыларды шығаруды қамтамасыз етті. Сондай-ақ, қару-жарақты бақылаумен, әскери ақпарат алмасумен (жеке құрам, техника және                      қару-жарақ, қорғаныс бюджеті, қорғаныс саласындағы жоспарлау және аса үлкен әскери оқу-жаттығулар туралы мәліметтер) және инспекциялық қызметпен байланысты жаһандық халықаралық ұйымдарға, шарттарға, келісімдерге және конвенцияларға кіруін қамтамасыз етті. Бүгінгі күні Қазақстан аумағында 100-ден астам шетелдік инспекциялар өткізілді. Қазақстан инспекциялық топтары өз кезегінде ТМД және Еуропа аумақтарында 40-тан астам инспекциялар өткізді. Орталықтың құрылған күні 1995 жылғы 25 мамыр еліміз үшін маңызды тарихи оқиға болды. Ол Қазақстанның халықаралық аренада ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет ретінде ғана емес, жаппай қырып-жою қаруын таратпауды, қару-жарақты бақылауды және сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайтуды қолдайтын ұстанымын білдіруге ықпалын тигізді.   

 

Полковник  А.Әубәкіров

ҚР ҚМ Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды

қамтамасыз ету орталығының бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"