Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне дайындау жөніндегі тексеріс аяқталды

Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне дайындау жөніндегі тексеріс аяқталды

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған комиссия қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне дайындау, қару мен оқ-дәрілердің сақталуы мен сақтандырылуы мәселелерін, зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймаларында оқ-дәрілердің түгенделуі мен жүйелендірілуі барысын және командирлердің өздерінің жауынгерлік тапсырмаларын білуін инспекциялық тексеруді аяқтады.

Жалпы алғанда, ҚР Қорғаныс министрлігі қойған тапсырмалар толық көлемде және жоғары сапада орындалды. Инспекция қорытындысы бойынша «Оңтүстік» ӨңҚ қолбасшысы генерал-майор Марат Құсайынов, «Оңтүстік» қолбасшысының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары полковник Жақсылық Оразбаев, «Батыс» ӨңҚ  қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров, «Батыс» ӨңҚ қолбасшысының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары полковник Сапарбек Бисенбеков, «Шығыс» ӨңҚ қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағанов, «Шығыс» ӨңҚ  қолбасшысының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары  полковник Александр Аширов, ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов,  ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштері қолбасшысының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары полковник Леглек Күшенов, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов пен ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары полковник Ербол Бегілдаев жақсы жағынан атап өтілді. 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства