ҚарМТУ әскери кафедрасының студенттері далалық жиынға қатысты

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің үш жүзден аса студенті «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 36352 әскери бөлімінің «Спасск» оқу-жаттығу орталығының аумағында өткен далалық жиынға қатысты.

ҚарМТУ-дың әскери далалық жиыны 10 күнге созылды. Жиын барысында болашақ түлектер Макаров тапаншасы мен Калашниковтың АК-74 автоматынан оқ ату, танк жүргізу, Д-30 гаубицалары мен минаатқыштардан атысты басқару бойынша практикалық нормативтер тапсырды. «Аталған жиын студенттердің әскери дайындығының қорытынды кезеңі болып табылады. Олар теориялық сабақтар барысында алған білімдерін іс жүзінде іске асырады.

 Бұл Қарулы Күштері үшін оқытылған жұмылдыру ресурсын даярлау тұрғысынан маңызды. Әскери кафедра жауынгерлік қарудан оқ атумен толық көлемде далалық жиындарды ұйымдастырумен, сондай-ақ броньды техниканы пайдалану және артиллериялық қару-жарақты қолданумен айналысатын Қазақстандағы әскери кафедралардың бірі бола отырып, бұл тапсырманы сәтті орындап жатқанын айта кету қажет», - дейді ҚарМТУ әскери кафедрасының бастығы полковник Евгений Строков.

Жиын қорытындысы бойынша студенттер жақсы теориялық білімдері мен практикалық машықтарын көрсетіп, өздерінің әскери есепке алу мамандықтары бойынша қорытынды аттестаттаудан өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"