Қарағандыда халықаралық сайыс басталды

Қарағандыда халықаралық сайыс басталды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мергендер жұбының «Алтын үкі – 2018» халықаралық сайысының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Ашық аспан аясындағы салтанатты рәсім барысында халықаралық сайыстың қатысушылары мен қонақтарына ҚР Қарулы Күштері арнайы мақсаттағы бөлімшелердің тактикалық іс-қимылдары паш етілді. Алдағы жарыс «Алтын үкі – 2018» сайысының өткізілуі тарихында ең ауқымды болып табылады. Кейбір елдер додаға алғаш рет қатысып отыр. «Алтын үкі» кубогы үшін әлемнің 12 елінің, яғни, Белоруссия, Бельгия, Ұлыбритания, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Ресейдің үздік атқыштары бақ сынасады. Түркия мен Оңтүстік Кореяның өкілдері сайысқа бақылаушылар ретінде қатысады. Қазақстанның намысын ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелері қорғайтын болады.

Бес күн бойы құралайды көзге атқан мергендер әртүрлі қашықтықтардан, жылдамдықтан, жүріп өтілген жерде бүркемелеу және бағдарлау машығынан нысаналар бойынша оқ атудан күш сынасады. «Алтын үкі» халықаралық сайысы 2008 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын және өзінің ерекшелігімен айрықшаланатынын естеріңізге сала кетейік. Жарысты жоспарлау және ұйымдастыру кезінде әлемнің көптеген елдерінде мергендердің сайысына бірнеше мәрте қатысқан қазақстандық атқыштардың қатысу тәжірибесі ескерілді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"