Қарағанды облысында экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» семинары өз мәресіне жетті

«Спасск» оқу-жаттығу полигонының базасында республикалық БАҚ-тың өкілдері мен Қазақстанның блогерлері үш күн бойы экстремалды жағдайларда қажетті әскери істің машықтарын танып білді.

Қатысушылардың алдындашынайыға жақындатылған жағдайлардағы арнайы операциялар кезінде өздерінің іс-қимылдарын пысықтауды үйрену міндеті тұрды. Аталған семинар журналистер қауымына Қазақстанның заманауи Қарулы Күштерінің тыныс-тіршілігі өз көздерімен көрулеріне мүмкіндік берді.

Кездесу аясында журналистер лаңкестіктің, топтардың жалпы сипаттамаларын, қаржыландыру қағидаттары проблемаларының зерттемелері туралы біліп қана қоймай, сонымен бірге, олардың көкейінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауап алуға мүмкіндік берді. Қазақстандық журналистермен сабақтарды кәсіби нұсқаушылар, ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы әскери қызметшілері өткізгенін естеріңізге сала кетейік.

Семинардың үш күндік бағдарламасы оқиғаға толы болды. Дәріс курсы, оқу фильмдерін тамашалау, әскери техниканы көрсету, сондай-ақ алған білімдерін іс жүзінде қолдануды қамтыды. Семинар басталғалы бері күн сайын семинарға қатысушылар әскердің біте қайнасқан өміріне еніп кетті. Семинар барысында іс жүзінде қарсыластың шабуыл жасау қауіп-қатері кезіндегі журналистердің іс-әрекеттері пысықталды. Дискурстың жабылуы күнінде қатысушылардың ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовпен кездесулері өтті. Онда экстремалды журналистика бойынша негізгі мәселелер талқыға салынды. Одан басқа, жақында ғана ҚР Қорғаныс министрі Астанада республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесіп, әрі қарайғы бірлескен жұмыс туралы ынтымақтастық алгоритмін талқылаған болатын.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"