Қарағанды гарнизонында қауіптің алдын-алу шарасы өтті

Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері өткізген оқу-жаттығулар барысында диверсияға қарсы қауіпсіздік жөніндегі мәселелерді іс жүзінде пысықтады.

Оқу белгісін ала салып, «Астана» өңірлік қолбасшылығының жедел кезекшісі 31775 әскери бөлімінің арнайы диверсияға қарсы топтарын хабардар етуге кірісті. Олар белгіленген уақыт ішінде шартты шабуылға тойтарыс беру үшін көрсетілген мекемелерге келді. Оқу-жаттығу «Жас ұланә республикалық мектебінің, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пункті мен Қарағанды облысының «Сарыарқа» әуежайының аумағында өткізілді. Оқу-жаттығуға сондай-ақ Қарағанды гарнизоны Әскери полиция жасағының құрылымдық бөлімшелері мен Қарағанды қаласы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері қатыстырылды.

Мұндай оқу-жаттығулар Қарағанды гарнизонында жиі түрде өткізіліп тұратынын айта кету қажет. Әскери бөлімдердің жеке құрамымен елді мекендерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге, мекемелер мен әскери бөлімдерге жасалатын шабуылға тойтарыс беруге қабілетті әскери қызметшілердің жоғары жауынгерлік әзірлігін ұстап тұруға бағытталған теориялық және практикалық сабақтар ұдайы түрде өткізіліп тұрады. Арнайы полигондарда жеке құрамға өздерінің жауынгерлік шеберліктерін жетілдіруге септігін тигізетін жаттығуларға арналған барлық қажетті жағдайлар жасалған.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"