Қарағанды гарнизоны Әскери полиция бөлімінің 2016 оқу жылының қорытындысына сәйкес, Қарағанды гарнизонының 55524 әскери бөлім командирі полковник Т.Самудинов, 44803 әскери бөлім командирі полковник Н.Қабақов және оның тәрбие және идеологиялық жұмысы жөніндегі орынбасары подполковник Б.Аринов үздік деп танылды.
Жалпы, мұндай тоқтам жасауға мынандай жағдайлар түрткі болған. Мәселен, аталмыш әскери бөлімдерде 2016 жылы тәуліктік наряд атқару кезінде құқық бұзушылықтар болған жоқ, тексеріс барысында анықталған азын-аулақ кемшіліктерді әскери бөлім басшылары тез арада жою жұмыстарын жүзеге асыруға атсалысқан.
Майор Н.Рымтаев
Қарағанды гарнизоны Әскери полиция бөлімі