Әскери психологтың қызметі мен міндеті

Әскери қызметшілермен жұмыс жасауда жауынгерлік және моральдық рух негізгі басымдық болып қаралмайтын армия жоқ шығар, сірә?!
Ал, сол жауынгерлердің моральдық-психологиялық жай-күйiн оңалту, оларға құлақ асып, көмек сұрап немесе кеңесті қажет ететін болса, оларға кеңес беріп, әскери ұжым мүшелеріне психологиялық ағарту жұмысын жүргізу барлығы әскери психологтың міндетіне кіреді. Оған қоса, әскери қызметшінің өзімен, отбасыларымен жұмыс жасау, өзге де әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін тыңдап, көмектеу де олардың назарынан тыс қалмайды.

Иә, әскери қызметте маңызды рөл психологтарға жүктелген. Мәселен, 68665 әскери бөлімінде бірнеше жылдан астам уақыт қызмет ететін әскери психолог, аға лейтенант Жанар Ыдырышева бүгінде зейнеткерлікке шығу алдында. Осы уақыт аралығында ол бірнеше әскери қызметкерге психологиялық тұрғыдан көмек көрсетіп, алғысын алған.

«Әскери қызметшілермен және әскер қатарына келген жас сарбаздармен үнемі сырласып, әңгіме­лесіп отырмаса, болмайды» дейді ол. «Мұның жақсы мысалын, өзімізге де тиер пайдасын күнделікті қызметімізде көріп, байқап жүрміз. Сонда сарбаздардың жеке ой-танымын, жауынгерлік қызметті атқаруға деген көңіл-күйлерін, көзқарастарын дер кезінде біліп, әрқайсысын танып-біліп алуға әбден болады екен.

 «Бізге қызметшілер әр түрлі мәселелермен келеді. Мысалы, кейбір мерзімді қызметтегі сарбазбен әңгімелесе қалсаңыз, әлі балалық еркеліктері қалмай жүргендері байқалады. Үйді, ауылды, апамды сағындым деп қалады мұңайып. Бәрінен қиыны таңертең ерте тұру деп келетін сарбаздар да болған. Тіпті, кейбір сарбаздар «Түсіме ауылдағы апам кіріп: “Балам, ауырып жатырмын, маған бір келіп қайтпайсың ба?” – деп жатыр» деп  ауыл қайдасың деп кетіп қалмақшы болады.

Сондай-ақ, кредитін төлей алмаған әскери қызметшілер көбірек кездеседі. Оған отбасындағы кикілжіңді қосыңыз. Әдетте әскерилердің жұмысы нормаға сай емес, қызметкерлердің үйіне кеш келуі, отбасы тәрбиесіне араласа алмауы, отбасылық ұрыстың себебіне айналып жатады. Мұндайда менің ең басты қаруым-тыңдай білуім. Әуелі ішкі жан дүниесін ашуға мүмкіндік беремін. Мәселен, күніне екі әскери қызметшіні қабылдап отырамыз. Кейде сенім телефоны арқылы да байланысқа шығып тұратындары бар, - дейді Жанар. 

Сонымен қатар әскерилер парашютпен секірер алдында психологиялық тестілеуден өтеді екен. Өйткені қ

анша рет секірсең де,  қайтадан секіру қорқыныш тудырады, бұл қалыпты жағдай дейді психологтар.  Сондықтан да барлық кезде парашютшілердің эмоционалдық жағдайы тексеріліп отырады екен.

Әңгіме арасында Десанттық-шабуылдаушы әскерлері бригадасының бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Раджан Жанысов: «Ең бастысы – әскери бөлімдердегі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды әлсіретпеу керек. Әскер бөлімінің жеке құрамынан бұрын бүкіл бір рота сарбаздарды, бір сарбазды тәрбиелеп, тәртіпке үйрету де оңай емес. Әскер қатарына психикалық жағдайы дұрыс тексерілмеген балалар жіберілетін жайлар да кездеседі. Өйткені жас сарбаздарды іріктеуде психолог мамандарға бар-жоғы үш күн ғана беріледі екен. Үш күн 30-40 сарбаздың  жай-күйін анықтауға аздық етеді екен. Ал психолог мамандармен әңгімелесу жас сарбаздардың қалыптасып кетулеріне өте керек. Мерзімді әскери қыз­метке шақырылғандардың жай-күйін айтар болсам, таңғы алтыда тұрып, мызғымас тәртіпке бойұсыну оңай емес. Олардың ішінде біреудің жалғызы бар, біреудің кенжесі бар дегендей. Небір еркетотайларды кездестіреміз. «Мен әскер тәртібіне көн­діге алмайды екенмін, қатал тәртіпке шыдамай барамын, дене шынықтыруға шамам келмейді, отбасымды сағындым» дейтіндер де кездескен. Осының барлығымен әскери психолог жұмыс істейді. Нәтижесінде олар уақыт өте қасындағылардан ұялатын болады немесе өзге шымыр жігіттерге еліктейді. Әйтеуір, үйренеді екен. Мұның бәрі мектеп қабырғасында жүріп дұрыс тәрбиеге көнбеген, патриоттық рух бойына сіңбеген, ел мен жердің кадірін түсінбеген кейбір жасөспірімдердің ертеңгі күні әскер қатары­на келетіні өздеріне көп қиындық тудырады. Сондықтан да еркін жүріп қалған олар­ды темірдей тәртіпке, саналы тәрбиеге үйрет­пей болмайды.

Бүгінде әскери психологтарға жоғары талап қойылады, әрі психологиялық жұмыстарды жетілдіруде бірнеше бағдарламалар бар екен. Мәселен, «Жауынгерлік дос» бағдарламасы арқылы жанындағы досы арқылы сарбаздың көңіл-күйін, жағдайын сұрап біліп отырады. Осылайша әр батальонда екі штаттағы психолог, сондай-ақ штаттан тыс бірнеше психологтар жұмыс істейді екен.

Әскери психологтың жұмысы әркез айқын көріне бермейді. Алайда, армияның жоғары жауынгерлік рухы, тәрбие алып жүрген ұжымның жұмылуы және мұқалмауы, жас сарбаз­дарды зерттеп, әскери өмірге бейімдеу, бөлімшелерде моральдық-адамгершілік жағдайды қалпына келтіру, жеке құрамның ар-намысының қорғалуын қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыстар атқарады.

P.S. «Ең күшті қару – психологиялық қару»… Ал психологиялық тұрғыдан әлсіз адам үнемі мықты болып жүре алмайды. Дегенмен, адам күйзеліске түсіп, өзін-өзі жеңе алмай жатқан кезінде психологтың кеңесіне жүгінгені дұрыс. Өйткені, психолог шыныңды да, сырыңды да айтқыза білетін бірден-бір маман иесі. «Сүрініп кетсең, қайта тұруға қақыңның бар» екеніне дұрыс бағыт сілтейтін де – сол «жан әлеміне саяхат» жасаушылар екені рас. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"