ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Полигонда баспасөз туры ұйымдастырылды

Полигонда баспасөз туры ұйымдастырылды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жетекшілігі Семей өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосып, «Шығыс» жалпыәскери полигонында пресс-тур ұйымдастырды.

   Тілшілер «Шығыс» жалпыәскери полигонында ең алдымен «Арлан» броньды дөңгелекті машинасының қызметімен танысты. 44736 әскери бөлімінің әскери қызметшілері журналистерге минаға қарсы және баллистикалық қорғаныс қабілеті мықты жауынгерлік және арнайы міндеттерді орындауға бағытталған көп мақсатты машина туралы ақпарат берді. Экипаж бөлігінің баллистикалық қорғанысы, двигатель бөлігінің баллистикалық қорғанысы, жарылыстан арнайы қорғанысы бар маневрлі көп мақсатты бронемобиль калибрі 7,62 мм 1000 оқ-дәріні, калибрі 12,7 мм 400 оқ-дәріні, калибрі 40 мм 96 оқ-дәріні қабылдай алатынын айтты. Оптикалы-электрондық контейнер қару-жарақтың астына қондырылғанын көрсетті. Ішкі бөлігі 50 кг, мұнара биіктігі 80 см, жауынгерлік салмағы 16 тонна, сағатына 100 шақырымға дейін жылдамдықты үдететінін түсіндірді. Түгелдей өз елімізде жинақталатын әскери техниканың кез келген атыс қаруының от атуларына шыдайтынын да мақтанышпен жеткізді.

   Анатолий ТЕРНОВ, «ХАБАР 24» телеарнасының телеоператоры: ««Арланның» ерекшелігі сол, жауынгерлік машина жүріп келе жатып қозғалыстағы және қозғалмайтын нысанаға атыс жүргізе алатынын білдім. Күндізгі және жылуға ден қоюшы каналы, гиро-стабилизаторы, дәл баллистика үшін лазерлік қашықтық өлшеуіші, отты басқарудағы компьютерлі-бағдарламалық қамтамасыз етуші, атылған оқ-дәрінің есептегіші, соңғы оқ-дәрі туралы ескерту, қаруды қолмен қолдану мүмкіндігі зор екен. Цельсияның -50 бастап +50 градусына дейінгі жағдайға да бейімделген. Бір сөзбен айтқанда, броньды машинаның теңдесі жоқ. «Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» дейді. Өз басым өмірімде тұңғыш рет бронемобиль жүргіздім».

   Сергей ПЕНЬКОВ, «Радио» ЖШС атқарушы директоры: «Мен 1990 жылы Ресей кеңестік федеративті социалистік республикасының жоғарғы кеңесі атындағы Мәскеу жоғарғы жалпыәскери командалық училищесін тәмамдағам. Лейтенант шенінде Әзербайжанның Гянджа қаласында екі жыл әскери қызмет атқардым. Арада 25 жыл өткенде жалпыәскери полигонға қайта келіп, өзімді әскери қызметші секілді сезініп тұрмын. Еліміз Қарулы Күштері әскерилерінің кәсіби біліктілігі, жоғары тәртібі мен жауынгерлік әзірлігі, әрі озық үлгідегі әскери техникасы мен қару-жарағы мені таң қалдырды. Қазақстанның айбынды армиясының әр қадамы сәтті, көтерер жүгі жеңіл, абыройы асқақ болсын!»

   Ақпарат құралдарының өкілдері қазақстандық армия барлаушыларының жиынтығын және әскери тапсырмаларды орындауға арналған қазіргі заманғы негізгі қару-жарақ түрлерін көрді. Бронды тесіп өту әлеуеті 375 мм шамасындағы танкіге қарсы РПГ-7 қол гранатасын дәлдікке лақтырудан және Калашников автоматы мен Макаров пистолетінен оқ атудан дайындықтарының деңгейін де көрсетті. Үздіктерге «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының мақтау грамотасы табыс етілді.  


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"