Патриоттық тәрбие

Патриоттық тәрбие

Армия – қоғамның бір бөлігі. Оны жалпы қоғамнан бөліп қарау қате пікір болып табылады. Сондықтан, еліміздегі қолға алынып жатқан әртүрлі бағдарламалар мен іс-шаралар біздің әскерімізге де тікелей қатысты.

Осындай бағдарламалар мен жоспарлардың іс жүзінде орындалуынан әскери қызметшілердің отбасы мүшелері де хабардар болып отыруы тиіс. Осы мақсатта 85395 әскери бөлімінің басшылығы тұрақты түрде «Ашық есік күнін» ұйымдастырып тұрады.

Сондай шаралардың бірі бізде де өткізілді. Сағат 10.30 басталған іс-шараға әскери қызметшілердің отбасы мен әскери патриоттық клуб мүшелері қатысты. Әскери қызметтің тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін келушілер Гарнизондық офицерлер үйінде жиналды.

Әскерилер мұнда келушілерге өздерінің бағыттары бойынша жұмыстарын жан-жақты түсіндірді. Қаржы, киім-кешек және азық-түлік қызметтерінің бастықтары отбасы мүшелерінің көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Ал, заң қызметінің басшысы қазіргі таңдағы өте маңызды сұрақтардың бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері туралы біраз сұрақтарға жауап бере отырып, заңды түрде және басшылыққа алынатын құжат талаптарына сәйкес өзінің кеңестерін берді. Көкейде тұрған сұрақтарына тұшымды жауап алған отбасы мүшелері ризашылықтарын білдірді.

«Ашық есік күнінің» соңына қарай 85395 әскери бөлімінің қамқорлығындағы «Ақ сұңқар» әскери-патриоттық клубының қысқы оқу кезеңінде әскери бөлімнің өміріне белсене қатысқаны үшін №53 Қ.Тұрысов атындағы мектеп-гимназиясының бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бауыржан Қоспанов мақтау қағазымен марапатталды.

Сонымен қатар, әскери қызметшілердің балалары да назардын тыс қалмады. 2019 жылғы жазғы демалыста Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінің базасында құрылған «Жас сарбаз» әскери патриоттық жиынына біздің әскери бөлімнен көпбалалы отбасылардан бірнеше бала демалуға жіберілді.

 

 

А.Байсеитова,

85395 әскери бөлімі әскери қызметшілердің отбасы

мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи