Патриотизмге тәрбиелеу – жалпыұлттық міндет

Үстіміздегі жылдың 19 қаңтарында Қазақстан Қарулы Күштерінің тәрбие құрылымдарының офицерлері тәрбиешілер институтының құрылғанына 26 жыл толды.

Тәрбие жұмысын жақсарту, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-құқықтық қорғанысы үшін жауапкершілікті көтеру мақсатында 1993 жылғы 19 қаңтарда
Ел Президентінің №1084 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде командирлердің (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған Қазақстан армиясының аз ғана жасақтарының бірі тәрбиешілер құрылымы жеке құрамды оқыту және патриоттық тәрбиелеу жүйесінде маңызды орынға ие болды. Армиядағы өткізілетін тәрбие жұмысының сапасы мен деңгейіне әрқашан да қатаң талаптар қойылып отырды.

Қарулы Күштердің құрылғанынан кейін жарты жылдан соң командирлердің жеке құраммен жұмыс жөніндегі көмекшілерінің қысқаруы және оның орнына командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылуы Мемлекет басшысының уақытылы және дұрыс шешімі болды.

Көптеген тәрбиеші офицерлер үшін бұл қызметтік іс-әрекетте маңызды сәт болып табылды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 22 маусымдағы № 1273 қаулысымен «Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар органдары туралы ереже» бекітілді.

Тәрбие жұмыстары органдарын құру тарихы тәуелсіз егеменді Қазақстанның, оның Қарулы Күштерінің қалыптасу дәуірімен ажырамас және тығыз байланысты.

Өзінің жаңа заманындағы қарама-қайшы, қиын кезеңдерін бастан өткеріп, буыны қатпаған жас республика аяғына тұрғалы ондаған жылдар өтті. Елмен бірге ауыртпалықтар мен дағдарушылықтар арқылы қазақстандық армия да өзінің құрылу дәуірін бастан өткізді.

Кеңес Одағы ыдырағалы бері, сол кезде әскерлер шын мәнісінде басқарусыз қалды. Құқық тәртібі мен әскери тәртіпті қамтамасыз ету мәселесінде қиын мәселелер туындады – ол «дедовщина», казармалық бұзақылық, жең ұшынан жалғастыру және ұрлық сияқты армиядағы теріс қылықтарды жою бойынша асқан күш-жігер мен шаралар қолдануды талап етті.

Өзінің құрылған сәтінен бастап тәрбие құрылымдарының офицерлері командирлермен және штабтармен бірлесе өздерінің мақсатты қызметімен әскери ұжымдарды біріктіруге, жеке құрамды ар-намысы мен абыройын қорғауға, әскери қызметтің беделі мен имиджін нығайтуға бағытталған міндеттерді іске асыру саласында ауқымды жұмыс жасады.

Тәрбиеші-офицерлер бүгінгі күнде ақпараттық-тәрбие, идеологиялық, мәдени-демалыс, бұқаралық-спорттық және әскери-әлеуметтік жұмыс жүйесі арқылы жауынгерлік жарысты ұйымдастыруға және әскери ұжымды жұмылдыруға белсене қатысады.

Әрине, Қарулы Күштердің қалыптасуы мен дамуының ең қиын кезеңдерінде қызметті тастап кетпеген біздің аса құрметті ардагерлеріміз ерекше мақтауларға тұрады, олар еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлкен үлес қосты. Олар адам рухының инженерлері болды, барлық жан-тәнімен адамдарға қызмет етті.

Дәл олардың үлесіне қазақстандық армияның аяққа тұру кезінде тәрбие құрылымын қайта дамыту бойынша алғашқылардың ең ауыр тағдыры тап болды.

Олардың арасында нағыз генералдар мен офицерлер, адал патриоттар, өз ісінің қас шеберлері – генералдар Айтқали Есенғұлов, Марат Нағұманов, Владимир Бондаренко, полковниктер Мэлс Шампиев, Қайыржан Байжігітов, Виктор Тимошенко, Малик Шарипов, Қазбек Мамсұров, Бастеми Дүйсембаев, Болат Нәзіров, Амангелді Ыбыраев, Серікқан Қайрқанов, 1-дәрежелі капитан Көпесбай Жампейісов және тағы басқалар бар.

Біз олардың ерен еңбектерін жақсы білеміз және ұмытпаймыз. Олардың барлығы да біздің алғашқы ұстаздарымыз және тәлімгерлеріміз, рухани шамшырақтарымыз болған. Олардан үлгі алып, тәрбиелеудің қиын да алуандас ғылымдарын меңгердік.

Бүгінде біздің еліміз, қоғам, армия егемендік пен тәуелсіздік алған жылдары ішінде неге қол жеткізгеніне өз көзімізбен көрдік. Осының барлығы біздің бейбітшілікті сүйетін халқымыздың бірлігі мен келісімі және ең алдымен мемлекетіміздің гүлденуі, мықты кәсіби армияны, әрқайсысымыз туралы үнемі ойлайтын Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың даналығы мен көрегендігі арқасында.

Сонымен қатар біз патриотизм өлшемдері жалпыұлттық міндеттердің мәртебесіне ие болып жатқанын сезінеміз, оны Елбасы әр бұқаралық сөз сөйлеулерінде айта кетеді. Сондықтан да тәрбие құрылымдары офицерлерінің қызметі жеке құрамға еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасының «Рухани жаңғыру» ұзақ мерзімді бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын түсіндіруге бағытталған, ол қазіргі заманғы отан қорғаушыларды идеологиялық тәрбиелеудің берік іргетасы болып табылады.

Қазіргі Қарулы Күштер өзін мемлекеттің әскери қауіпсіздігін нық қамтамасыз ететін, өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты қаматамасыз етуде кепіл болатын толық қалыптасқан жауынгерлік және үйлесімді мүше ретінде көрсете алады.

Қарулы Күштердің дамуына байланысты, заманауи қауіп-қатер есебімен, жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға моралдық-психологиялық дайындығын бағалауда аса жоғары критерииге себепші болатын идеологиялық жұмысты жетілдіру қажеттілігі өсе түсуде.

Әскери қызметшілермен жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жағдайын қолдау, бекем әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, әскери ұжымды біріктіру және жеке құрамның бойында Отанды қорғауға деген әскери міндетін орындауға бағытталған құндылықтар жүйесін құру мақсатында ұдайы негізде кешенді іс-шаралар (мемлекеттік-құқықтық дайындық, конференциялар, дәрістер, сұхбаттасулар, диспуттар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, сауалнамалар, тестілеулер, озаттарды құрметтеулер, кездесулер және т.б) жүргізіліп отырады.

Көріп отырғанымыздай, біздің армия аға буынның жаужүрек ерліктері мен жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген қазақстандық патриотизмнің басты идеологиялық мектебінің мәртебесіне шын мәнісінде ие болды!

Сондықтан тәрбие жұмысы органдары қызметінің басымды бағыттарының бірі әскери қызметшілер мен өскелең жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы рухында әскери-патриоттық тәрбиелеу болып табылады.

Бірлескен жұмыстар шеңберінде аумақтық білім органдарының және аймақтар әкімшіліктерінің қолдауымен әскери-патриоттық акциялар, байқаулар, викториналар, әскери-далалық ойындар, әскерилендірілген кросстар, «Ашық есіктер күні», «Шақырылушы күні», «Жас әскер күні», «Қазақстан әскерінде бір күн», «Ақ найза», «Ұлан», «Алау», «Батыр», «Жас Ұлан – Жаңа міндет», «Әскери балалардың көзімен», «Соғыссыз әлем», «Менің гарнизоным» және басқа эстафеталар дәстүрлі ұйымдастырылады.

Жылсайын әкімшіліктермен бірлесіп оқу орындарда ерлік сабақтары өткізіледі, ағымдағы жылы осы іс-шараларға 6000 әскери қызметшілер қатысты.

Көрсетілген іс-шаралар әскери ұжымдарда моральдық-психологиялық жағдайды сауықтыруға, әскерге дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге себепші болды. Әскери қызметшілердің Отанды қорғау бойынша міндеттерін орындауға оң нәтиже береді.

Қазіргі офицерлер-тәрбиешілер ұрпағы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын бақылауға алды, конституциялық міндетке адал, әрдайым және өзінің Отанына, Еліне, Президентіне аса адал болу! барлық жерде өзінің басты бағыштауына еруге дайын әскери қызметшілерді тәрбиелейді.

Офицер-тәрбиеші деген нағыз бейімділігіне адал офицерлердің басты сіңірген еңбегі осында. Олардың арасында: полковниктер Б.Ж.Жүнісбеков, С.Б.Төлепбаев, Е.Б.Бятов, А.Н. Щетинин, подполковниктер Н.Е. Өмірзақов, А.Қ.Акишев,
С. Т. Мәмбетәлиев, Д.Н. Бейсеков, майорлар Д. С. Сұлтанбеков, Т.М.Байгебаев, К.Ю. Куренков, аға лейтенанттар И. А. Жүнісов, М.О.Меңдіғалиев және басқаларды атап өткім келеді.

Қарулы Күштердің тәрбие құрылымдарының барлық ардагерлері мен офицерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын және оларға денсаулық, отбасылық амандық, сыйластық пен мансаптық өсуді, алға қойған жоспарларын іске асыруда және қазіргі Отан қорғаушыларды тәрбиелеу ісінде қойылған міндеттерді шешуде табыстар тілеймін!

Полковник Қайсар Мұғалов,

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

Бас штабы Тәрбие және идеологиялық

жұмыстар департаментінің бастығы

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"