Патриот болу - Отаныңды шын жүректен сүю

Патриот болу - Отаныңды шын жүректен сүю

Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы саналатын жастар тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жасты тәрбиелеудің жолдары мен амалдары сан тарау. Солардың ішінде жас ұрпақты патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс боп саналады.

Қазақ халқының біртуар ұлы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы: «Патриотизм - Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну» - деп анықтама берген.

Бүгінгі күні Отанының қорғаушысы болуға Қазақстанның әрбір азаматы міндетті. Заман ағымы жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеуде қоғам алдына қатаң талаптар қойып отыр. Сондықтан, өскелең ұрпақты еліміздің білімді де отансүйгіш патриоттары етіп тәрбиелеу үшін отбасыдан бастап, оқу орны қабырғасына дейін аянбай еңбек ету керек.

Патриоттық сезім өз-өзінен қалыптаспайтыны анық. Бала санасына кішкентайынан өз Отаны туралы ұғымды қалыптастыру қажет. Патриоттық сезімнің қайнар көзі – Отан, оның мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тілі, тарихы, дәстүрі, туған өлкенің киелі орындары мен тарихи ескерткіштері, мәдени мұралары және еліміздің мемлекеттік рәміздерін саяси және рухани пайымдаудан басталады. Балаға еліміздің мемлекеттік белгілерінің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіре отырып, Отанды сүюге, халқымыздың игі дәстүрлерін құрметтеуге баулу керек.

Елімізде жастарға азаматтық, патриоттық тәрбие беру отбасынан, мектеп қабырғасынан бастау алады. Бүгінгі мектеп оқушысы - ертеңгі ел тірегі, ел болашағы екендігі ақиқат. Сондықтан, еліміздің әрбір азаматы өзінің баласының бойына қайсарлық пен батылдық және патриоттық сезімді қалыптастыруда тарихи тұлғаларды, батырлар мен әскери қолбасшылардың өмірлік атқарған жолын дәріптеу маңызды.

Патриоттық тәрбиеде халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесін негізге ала отырып, жас азаматтардың бойында Отан, ел-жұрт алдындағы азаматтық парыз бен борыш туралы, адам бойындағы рухани құндылық – ар-намыс, ұлттық сана-сезім туралы ұғымдар арқау болуы маңызды. Жастарға патриоттық тәрбие беруде халқымыздың құнды мұраларының бірі – батырлар жырын оқытудың маңызы ерекше.

Батырлар жырының негізгі тақырыбы – елін, жерін жаудан қорғаған батырлардың ерен ерліктері. Қазақ елінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ хандары мен батырлары өте көп. Кітаптан батырлар туралы жырларды оқи отырып, бала бойына күш, қайрат жиналады. Кітап оқыған адамның кісілігі, адамгершілік қасиеттері мол болады.

Өз басым, жастар өз елінің патриоты болуы үшін еліміз Қарулы Күштерінің жетістіктері мен аға ұрпақ өкілдерінің ерлік істерін насихаттап, ерлік пен жанқиярлықтың мәнін түсіндіріп, олардан үлгі алып, мақтан тұтуға баулу өте тиімді жол деп санаймын.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі болып саналады. Жастар – елдің келешегі. Өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, Отанды сүю сезімдерін қалыптастырып, өз Отанын қорғайтын азамат болуға, қайсарлыққа, қаһармандыққа тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз.

 

Подполковник Серік Сейітбаев

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының

тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи