"Оймаша" оқу-жаттығу орталығында теңіз десантының бөлімшелері халықаралық жарысқа дайындалуда

Ақтау қаласының маңындағы Маңғыстау облысының «Оймаша» оқу-жаттығу орталығында Армия халықаралық ойындары – 2016 шеңберінде теңіз десантының бөлімшелері арасында іріктеу турнирі басталды.

Жалпы алғанда, іріктеуге әрқайсысында 24 адамнан құралған 5 команда қатысты. Армия ойындарына қатысу үшін жолдаманы бір ғана команда алды. Барлық қатысушылар взвод құрамында десанттау, жүгіру, десанттың ұрыс машинасындағы жеке жарыс, сондай-ақ экипажсыз взвод құрамында жеке биатлон, атыс қаруы мен гранатаатқыштардан оқ ату секілді теңіз десантының жауынгерлік тапсырмаларын орындады. Байқау екінші үлгідегі десанттың ұрыс машиналарында немесе БТР-82-де өткізілді. Әскери қызметшілер байқаудың төрт кезеңінен өтуі тиіс еді. Атап айтсақ, «Кедергілер жолағы» – жеке дайындық бойынша жарыс, «Аман қалу соқпағы» – бөлімшелер далалық дағды бойынша бақ сынасты, «Қудалау жарысы» – ұрыс машиналарының экипаждары арасында, сондай-ақ «Эстафета». Жеңімпаз әскери қызметшілердің командасы енді халықаралық кезеңге дайындалады. Өткен жылы алғашқы Армия халықаралық ойындарында теңіз жаяу әскерлеріміз 3-орынды еншілеген болатын. Олар бірінші болып өнер көрсетіп, байқаудың жоғары деңгейіне қарқын берді. Теңіз жаяу әскер әскери қызметшілері бағдар сызбанұсқасын егжей-тегжейлі зерделеп, БТР-80 броньды транспортерларда қашықтықты бағындырып көрді. Берілген бағдарды барынша тез өтті, сондай-ақ теңіз бен жағалауда нысаналарды жойды.  Теңіз десантшылары – бұл теңіз десанттық операцияларға қатысатын және жауынгерлік іс-қимылдардың өзге де түрлерінде соққы жасақтары ретінде қолданылатын әскери қызметшілер екенін айта кетейік. Олардың міндеті теңізден немесе қарсыластың жағалауына түсіру болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"