Отбасы мәселесі – үнемі назарда

   «Шығыс»  өңірлік қолбасшылығы 27943 әскери бөлімінің командирі подполковник Бегімбет Тәжібаевтың басқаруымен мәдени-демалыс орталығында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтің жалпы отырысы болды.

Оған келісім-шарт бойынша әскери қызметшілер мен офицерлердің жұбайлары шақырылып, бөлімнің қолбасшылығы таныстырылды. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі лауазымды тұлғалардың міндеттері мен негізгі жұмыс түрлері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптері жан-жақты түсіндірілді. Еліміздің Қарулы Күштеріндегі әйелдер кеңесіне заманның талабы мен талғамына қарай мол міндет жүктеліп отырғаны да баса айтылды.

   Отырыста бөлім командирінің қаржы қызметі жөніндегі көмекшісі капитан Жадыра Мұхамадиева, әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Асхат Рамазанов, патрульдік қызмет бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Айдын Қошқаров, бөлім командирінің заң қызметі жөніндегі көмекшісі әділет майоры Тимур Қамбаров дәріс оқыды. Бөлімнің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі азаматтық персонал Рауан Қымбатбекова әскери қызметшілердің әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық жағдайларына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, талқылауға ұсынды. Бөлім командирі барлық сұрақтарға жауап беріп, олардың шешілуін үнемі назарда ұстайтынын жеткізді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"