Отбасы күнін атап өтті

Отбасы күнін атап өтті

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей гарнизонының жанұялық командалары отбасы күні орай Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің спорт кешенінде ұйымдастырылған «Әкем, анам және мен» спорт мерекесіне қатысты.

Әскери қызметшілер мен олардың 10-12 жастағы балалары «Епті және мерген» эстафетасында, «Аңшылықтағы жанұя» байқауында, балалардың дәлдік қабілетін айқындайтын конкурста, аналарға арналған «Өз балаңды тап» жарысында, әкелерге арналған «Денесі шыныққан және күшті әке» сайыстарында шеберліктерін көрсетіп, мықтылықтарын мойындатты. Бұл шара Семей гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет жетекшілерінің мұрындық болуымен жүзеге асты. Алғашқы орынды 63310 әскери бөлімінің отбасылық командасы ( әкесі сержант Марат Ибраимов, анасы кіші сержант Әсел Әлімбаева, ұлы 11 жасар Нұрәли Мақсұтсан) ұтып алды. Екінші орынды 44793 әскери бөлімінің отбасылық командасы (әкесі кіші сержант Әсет Нұрқасов, анасы Жанар Нұрқасова, ұлы 10 жастағы Аян Ғалымбеков) иеленді. Соңғысы 30217 әскери бөлімінің отбасылық командасына (әкесі лейтенант Ақылбек Әлімхан, анасы Жансая Рахымбаева, қызы 10 жасар Маржан Әлімхан) бұйырды.

 

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи