Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу – жалпыұлттық міндет

Тәрбие жұмысын жақсарту, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-құқықтық қорғанысы үшін жауапкершілікті көтеру мақсатында 1993 жылғы 19 қаңтарда
Ел Президентінің №1084 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде командирлердің (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты енгізілді. Яғни, биыл бұл институттың құрылғанына 25 жыл толып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған Қазақстан армиясының аз ғана жасақтарының бірі тәрбиешілер құрылымы жеке құрамды оқыту және патриоттық тәрбиелеу жүйесінде маңызды орынға ие болды. Армиядағы өткізілетін тәрбие жұмысының сапасы мен деңгейіне әрқашан да қатаң талаптар қойылып отырды.

Қарулы Күштердің құрылғанынан кейін жарты жылдан соң командирлердің жеке құраммен жұмыс жөніндегі көмекшілерінің қысқаруы және оның орнына командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылуы Мемлекет басшысының уақытылы және дұрыс шешімі болды.

Көптеген тәрбиеші офицерлер үшін бұл қызметтік іс-әрекетте маңызды сәт болып табылды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 22 маусымдағы № 1273 қаулысымен «Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар органдары туралы ереже» бекітілді.

Тәрбие жұмыстары органдарын құру тарихы тәуелсіз егеменді Қазақстанның, оның Қарулы Күштерінің қалыптасу дәуірімен ажырамас және тығыз байланысты.

Өзінің жаңа заманындағы қарама-қайшы, қиын кезеңдерін бастан өткеріп, буыны қатпаған жас республика аяғына тұрғалы ондаған жылдар өтті. Елмен бірге ауыртпалықтар мен дағдарушылықтар арқылы қазақстандық армия да өзінің құрылу дәуірін бастан өткізді.

Кеңес Одағы ыдырағалы бері, сол кезде әскерлер шын мәнісінде басқарусыз қалды. Құқық тәртібі мен әскери тәртіпті қамтамасыз ету мәселесінде қиын мәселелер туындады – ол «дедовщина», казармалық бұзақылық, жең ұшынан жалғастыру және ұрлық сияқты армиядағы теріс қылықтарды жою бойынша асқан күш-жігер мен шаралар қолдануды талап етті.

Өзінің құрылған сәтінен бастап тәрбие құрылымдарының офицерлері командирлермен және штабтармен бірлесе өздерінің мақсатты қызметімен әскери ұжымдарды біріктіруге, жеке құрамды ар-намысы мен абыройын қорғауға, әскери қызметтің беделі мен имиджін нығайтуға бағытталған міндеттерді іске асыру саласында ауқымды жұмыс жасады.

Тәрбиеші-офицерлер бүгінгі күнде ақпараттық-тәрбие, идеологиялық, мәдени-демалыс, бұқаралық-спорттық және әскери-әлеуметтік жұмыс жүйесі арқылы жауынгерлік жарысты ұйымдастыруға және әскери ұжымды жұмылдыруға белсене қатысады.

Әрине, Қарулы Күштердің қалыптасуы мен дамуының ең қиын кезеңдерінде қызметті тастап кетпеген біздің аса құрметті ардагерлеріміз ерекше мақтауларға тұрады, олар еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлкен үлес қосты. Олар адам рухының инженерлері болды, барлық жан-тәнімен адамдарға қызмет етті.

Дәл олардың үлесіне қазақстандық армияның аяққа тұру кезінде тәрбие құрылымын қайта дамыту бойынша алғашқылардың ең ауыр тағдыры тап болды.

Олардың арасында нағыз генералдар мен офицерлер, адал патриоттар, өз ісінің қас шеберлері – генералдар Айтқали Есенғұлов, Марат Нағұманов, Владимир Бондаренко, полковниктер Мэлс Шампиев, Қайыржан Байжігітов, Гали Габдуллин, Қазбек Мамсұров, Бастими Дүйсембаев, Болат Нәзіров, Амангелді Ыбыраев, Серікқан Қайрқанов, 1-дәрежелі капитан Көпесбай Жампиисов және тағы басқалар бар.

Біз олардың ерен еңбектерін жақсы білеміз және ұмытпаймыз. Олардың барлығы да біздің алғашқы ұстаздарымыз және тәлімгерлеріміз, рухани шамшырақтарымыз болған. Олардан үлгі алып, тәрбиелеудің қиын да алуандас ғылымдарын меңгердік.

Олар жан-тәнімен қазіргі ұрпақпен бүгінгі күнде сақтау, жандандыру және көбейтуді қажет ететін өздерінің баға жетпес тәжірибесімен бөлісті. Бүгінде зейнеткерлік демалыста бола отырып, біздің ардагерлеріміз «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінде Отанымыздың игілігі үшін еңбектенулерін жалғастыруда.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының алғашқы бастығы полковник Мэлс Шәмпиев қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Алматылық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Кеңес армиясының жеке танк батальонында партия бюросының хатшысынан бастап, егеменді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы лауазымына дейін өсті. Қызметтестері жеке құрамның қиыншылықтарын ұғына білу, оларды шешуде бәрін қамтитын шара қолдану, түбіне дейін тыңдау және достық ақыл-кеңес беру Мэлс Шәмпиевтің ерекше қасиеті болатын деп еске алады.

Былтырғы жылы Мэлс Жұманұлына белсенді қоғамдық қызметі, мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына мол үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы атағы берілді.

Генерал-майор Есенғұлов Айтқали Ғұсманұлы сарбаздан бастап генералға дейін өсті, төрт жылдан астам уақыт Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. Бәлкім оған генерал болу маңдайына жазылған шығар. Олай болса ол өз тағдырын да стратегиялық міндетті шешкендей етіп құрды. Ал енді оның барлығы іске асырылғанда оның өмірі де эвклидова геометрия сияқты әрбір қадамы белгіленген және классикалық теореманың дәлелді жүйесінде аргумент сияқты болды, ал аргументті ол маңдай терімен және өмірдегі тәжірибесімен тапты. Қазірде Айтқали Ғұсманұлы тәрбие құрылымдары офицерлерінің қазіргі буынын тәрбиелеу және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде, Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Генерал-майор Нағұманов Марат Сералыұлы Қазақстанның Қарулы Күштерінде алғашқы тәрбиешілердің бірі болып табылады. Өз армиямызды құрумен сол кездегі Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған, ол жеке көзқарас тәрбиеші офицердің маңызды қасиеттерінің бірі, ал жеке үлгі – бағыныстыларды тәрбиелеудің маңызды әдісі ретінде офицерлердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. Марат Сералыұлы әскери оқу орнының тарап кетпеуі үшін зор үлес қосып, оны нығайтты, ал одан кейін Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін осы әскери-оқу орны курсанттарды 11 мамандық бойынша дайындай бастады.

Генерал-майор М.С.Нағұманов запасқа шыққаннан кейін де көлеңкеде қалып қойған жоқ. Ол қазір де әскери сапта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері республикалық ардагерлер қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары болып табылады, өскелең ұрпақты патриотизм рухында және кез-келген өз Отанын қорғауға уақытта әзірлігін тәрбиелеумен айналысады.

Көптеген ардагерлер «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігін құрып, бүгінде жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне барынша көмек көрсетіп жатқаны бізді қуантады.

Ардагерлер Тәрбие жұмысы органдарын Мұрат Майкеев басқарған кезін жылы сөздермен еске алады. Генарал-лейтенант Майкеев Мұрат Жәлелұлы қазіргі уақытта жоғары лауазымды атқарады – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы болып табылады.

Бүгінде біздің еліміз, қоғам, армия егемендік пен тәуелсіздік алған жылдары ішінде неге қол жеткізгеніне өз көзімізбен көрдік. Осының барлығы біздің бейбітшілікті сүйетін халқымыздың бірлігі мен келісімі және ең алдымен мемлекетіміздің гүлденуі, мықты кәсіби армияны, әрқайсысымыз туралы үнемі ойлайтын Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың даналығы мен көрегендігі арқасында.

Сонымен қатар біз патриотизм өлшемдері жалпыұлттық міндеттердің мәртебесіне ие болып жатқанын сезінеміз, оны Елбасы әр бұқаралық сөз сөйлеулерінде айта кетеді. Сондықтан да тәрбие құрылымдары офицерлерінің қызметі жеке құрамға еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасының «Рухани жаңғыру» ұзақ мерзімді бағдарламасын түсіндіруге бағытталған, ол қазіргі заманғы отан қорғаушыларды идеологиялық тәрбиелеудің берік іргетасы болып табылады.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауында Мемлекет басшысы
Н.Ә. Назарбаев біздің қоғамымыздың идеалы өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, алдыңғы қатарлы және жаһандық көзқарасы бар қазақстандық болуы тиіс екендігін атап өтті.

Қазіргі Қарулы Күштер өзін мемлекеттің әскери қауіпсіздігін нық қамтамасыз ететін, өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты қаматамасыз етуде кепіл болатын толық қалыптасқан жауынгерлік және үйлесімді мүше ретінде көрсете алады.

Қарулы Күштердің дамуына байланысты, заманауи қауіп-қатер есебімен, жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға моралдық-психологиялық дайындығын бағалауда аса жоғары критерииге себепші болатын идеологиялық жұмысты жетілдіру қажеттілігі өсе түсуде.

Сондықтан, қазіргі уақытта Қарулы Күштерде тәрбие және идеологиялық жұмыс органдарының кескінді құрылымы құрылды. Олардың мәртебесі жоғарылады, Қарулы Күштердің барлық түрлерінде, әскер тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда басқолбасшылардың және қолбасшылардың тиісті орынбасарлары басқаратын тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармалары, бөлімдері қызмет атқарады.

Қарулы Күштерде психологиялық және социологиялық жұмысты жақсарту, әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери тәртіп пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге оның әсерін көтеру, әскери қызметтің қауіпсіз қызметін құру үшін әскери бөлімдер мен батальондардың психологы лауазымы енгізілді.

Идеологиялық жұмысты белсендіру және армия ортасына сыңаржақ идеяларды кіргізбеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін идеологиялық жұмыс және арнайы насихат жөніндегі офицерлер лауазымдары енгізілді.

Тәрбие жұмысы органдарының өзекті мәселелерінің бірі әскери қызметшілердің отбасыларында сау моралдық-өнегелілік жағдайды құру болып табылады, ол өз орайында жеке құрамның міндеттерді орындауына әсер етеді. Осыған байланысты Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың бастамасы бойынша әскери басқару органдарында, әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі лауазым (әйелдер кеңесі), ардагерлермен жұмыс жасау жөнінде бөлім енгізілді, әскери бөлімдер мен мекемелерде алғашқы ардагерлер ұйымдары құрылды. Әртүрлі мәселелерді бірлесе шешу ұрпақтардың сабақтастығын қамтамасыз етеді, онсыз Қарулы Күштердің одан әрі дамуын елестету қиын. Әскери-патриоттық тәрбиелеудегі бай тәжірибенің қайнар көзі ретінде біздің ардагерлеріміз әскери ұжымдардың қоғамдық өміріне белсенді қатысады.

Әскери қызметшілермен жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жағдайын қолдау, бекем әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, әскери ұжымды біріктіру және жеке құрамның бойында Отанды қорғауға деген әскери міндетін орындауға бағытталған құндылықтар жүйесін құру мақсатында ұдайы негізде кешенді іс-шаралар (мемлекеттік-құқықтық дайындық, конференциялар, дәрістер, сұхбаттасулар, диспуттар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, сауалнамалар, тестілеулер, озаттарды құрметтеулер, кездесулер және т.б) жүргізіліп отырады.

Көріп отырғанымыздай, біздің армия аға буынның жаужүрек ерліктері мен жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген қазақстандық патриотизмнің басты идеологиялық мектебінің мәртебесіне шын мәнісінде ие болды!

Сондықтан тәрбие жұмысы органдары қызметінің басымды бағыттарының бірі әскери қызметшілер мен өскелең жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы рухында әскери-патриоттық тәрбиелеу болып табылады.

Жастар ұйымдары, әскери-патриоттық клубтардың қызметін үйлестіру мақсатында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың базасында барлық өңірлердегі филиалдарымен еліміздегі әскери-патриоттық қозғалыстың орталық органы болған «Жас сарбаз» республикалық балалық-жасөспірімдік әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы құрылды.

Қозғалыстың қызметінің арқасында әскери-патриоттық клубтардың саны 2828-ге дейін өсті, ал балаларды қамтуы 73164 адамға жетті, сонымен бірге әскери бөлімдер жанында 150 клуб құрылды, оған 4361 бала қамтылды. «Жас сарбаз» қозғалысы басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық қозғалыстармен бірлесе республика ауқымында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша 130 әртүрлі іс-шара өткізілді.

2017 жылы АОСК (Алматы қ.) оқу-жаттығу орталығында біз алғашқы рет әскери қызметшілердің балалары демалу үшін «Жас сарбаз» әскери-патриоттық балалар лагерін ұйымдастырдық. Оған шалғайдағы 14 гарнизоннан 320 бала қатысты. Сегіз гарнизонда әскери қызметшілердің балалары үшін спорт секциялары жұмыс істейді, ол жерде балалар әр түрлі спорт түрлерімен кәсіби айналыса алады, оларды білікті мамандар жаттықтырады.

Бұл мақсат үшін мектептерде жасөспірімдік патриоттық ұйымдастыру желісі кеңейтілді, бұл жұмыспен 73 мыңнан астам жасөспірімдер мен қыздар қамтылды. Әскери-патриоттық клубтардың әр төртінші тәрбиеленушісі өз өмірін армиямен байланыстырады. Жылсайын дәстүрлік негізінде әскери-патриоттық клубтардың тәрбиленушілерінің, республикалық (облыстық) мектеп-интернаттардың тәрбиленушілерінің, жоғары оқу орындар әскери кафедраларының студенттерінің қатысуларымен «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өткізіледі. Ұдайы негізінде армияға жаңа шақырылғандарды жіберу салтанатты салттары, қызмет қорытындылары бойынша көзге көрінген әскери қызметшілерге құрмет көрсету, мерзімді қызметті өтеген әскери қызметшілерді запасқа шығарып салу өткізіледі.

Бірлескен жұмыстар шеңберінде аумақтық білім органдарының және аймақтар әкімшіліктерінің қолдауымен әскери-патриоттық акциялар, байқаулар, викториналар, әскери-далалық ойындар, әскерилендірілген кросстар, «Ашық есіктер күні», «Шақырылушы күні», «Жас әскер күні», «Қазақстан әскерінде бір күн», «Ақ найза», «Ұлан», «Алау», «Батыр», «Жас Ұлан – Жаңа міндет», «Әскери балалардың көзімен», «Соғыссыз әлем», «Менің гарнизоным» және басқа эстафеталар дәстүрлі ұйымдастырылады.

Жылсайын әкімшіліктермен бірлесіп оқу орындарда ерлік сабақтары өткізіледі, ағымдағы жылы осы іс-шараларға 6000 әскери қызметшілер әрекеттендірілді.

Көрсетілген іс-шаралар әскери ұжымдарда моральдық-психологиялық жағдайды сауықтыруға, әскерге дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге себепші болды. Әскери қызметшілердің Отанды қорғау бойынша міндеттерін орындауға оң нәтиже береді.

Осы туралы аты аңызға айналған халық батыры Бауыржан Момышұлы («Соғыс психологиясы» кітабында) былай деп айтты – «... заманауи техника ұрыстың материалдық базасы және құралы болып табылады. Негіздің негізі – ол тірі де, саналы адам. Адамның моралдық-өнегелілік сапасы – рухани күш сөзімен анықталады. Рухани күштің негізгі көзі мен қозғалтқышы: ақыл-ой, сезім, жігер. Адам сапасының осы элементтермен бағытталған және мақсатты жұмысы тәрбие көзі болып табылады».

Қазіргі офицерлер-тәрбиешілер ұрпағы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын бақылауға алды, конституциялық міндетке адал, әрдайым және өзінің Отанына, Еліне, Президентіне аса адал болу! барлық жерде өзінің басты бағыштауына еруге дайын әскери қызметшілерді тәрбиелейді.

Офицер-тәрбиеші деген нағыз бейімділігіне адал офицерлердің басты сіңірген еңбегі осында. Олардың арасында атап өткім келеді: полковниктер Е.Б.Бятов, С.Б.Төлепбаев, Р.М.Халмуратов, подполковниктер А.К.Акишев, С.Т.Байбосынов, Б.С.Тасболатов, майорлар Д.М.Каримов, А.Б.Ниязалиев, Д.Н.Семикин, капитан А.А.Маралбаев, аға лейтенант Н.Н.Сагынаев және басқалар.

Қарулы Күштердің тәрбие құрылымдарының барлық ардагерлері мен офицерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын және оларға денсаулық, отбасылық амандық, сыйластық пен мансаптық өсуді, алға қойған жоспарларын іске асыруда және қазіргі Отан қорғаушыларды тәрбиелеу ісінде қойылған міндеттерді шешуде табыстар тілеймін!

Генерал-майор Мұхамеджан Таласов,

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

Бас штабы бастығының орынбасары

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"