Отанды адал қорғауға бел буды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Үшарал, Өскемен, Аягөз және Семей гарнизондарында 877 сарбаз Отанын адал қорғауға серт берді. 36803,30217, 28738, 54770, 44736 әскери бөлімінің жауынгерлері Семей гарнизонының әскери қалашығында ант қабылдады.

Айтулы оқиғаның құрметіне орай еліміздің мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалған соң жас сарбаздарға ант қабылдау рәсімінің маңыздылығы түсіндірілді. Әскери ант – сарбаздың ел Президентіне, Қазақстанның көп ұлтты халқына адал болуға беретін серті, Отан қорғаушының ар мен намыс кодексі және әскери қызметтің мемлекеттік мәтіні көрсетілетін ең басты моральдық, әрі саяси акт. Әскери ант – қызметтегі міндеттерді заң жүзінде мінсіз атқаруды талап ететін мемлекеттік құжат екені айтылды.

   Әскери ант қабылдау барысында жас жауынгерлердің жиынында ынта-жігері, әрі үлгілі әскери тәртібімен ерекшеленген сарбаздар марапатталды. Мәселен, ату жаттығуында АК-74 қаруынан атудан жоғары нәтиже көрсеткен қатардағы Ернұр Тұяқбай, Бахтияр Берікбаев, Кирилл Юдин, Владислав Спащенко 44736 әскери бөлімінің командирі полковник Сәбит Үркінбаевтың қолынан мақтау грамотасын алды. «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Бақтияр Исламов, Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері запастағы генерал-майор Александр Мартынов ақ жол тілеп, сарбаздарды семсер сүйіп серт берген батыр бабаларымыздай антқа адал болуға шақырды.

Ата-аналар да Қазақстанның Қарулы Күштерінің жауынгері деген құрметті атақ пен абыройға шын мәнісінде лайық болыңдар деген баталарын берді. Бұдан кейін «Мен – қазақпын!» әні орындалып, 28738 және 44736 әскери бөлімінің жауынгерлері еркін жаттығулар кешенін және қоян-қолтық ұрыс өнерін көрсетті. Саптық шеру де салтанаттың көркін келтірді.

   Соңында еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар әскери бөлімдердегі казармаларда, оқу бөлмелерінде, спорт зал, мәдени клуб, асханада болды. Әскери бөлімдердің мәдени-демалыс клубында бас қосқан ата-аналардың сауалдарына да жауап берілді. Бөлім командирлері Отан сүйгіштік, елжандылық, жаңа қазақстандық патриотизм туралы ықыласпен әңгімеледі.   Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағынан бекітілген сауықтыру бөлмелерінің офицерлері ата-аналарға балаларынан хабар алған жағдайда әскери полиция органдарына хабарласу қажеттігін түсіндіріп, жас сарбаздардың әскери қызметіне сәттілік тіледі.    


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"