Отан алдындағы парыз

Отан алдындағы парыз

Жыл сайын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, оның ішінде Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағы  әскерге шақырылатын азаматтармен толықтырылады. ҚР заңнамасына сәйкес әрбір жас жауынгер Қарулы Күштердің қатарына ене отырып, әскери ант қабылдайды, Отанына, халқына, заңды сайланған Ел Президентіне адал болуға, ҚР Конституциясы мен Заңдарын қатаң сақтауға ант береді.

Қарулы Күштерде әскери ант қабылдаудан аса маңызды рәсім жоқ. Әскери антқа келтіру бұл тек міндетті салтанатты шара емес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына енетін әрбір әскери қызметшінің өміріндегі ерекше әрі маңызды рәсім. Аз уақыттың ішінде әскери тәртіпке үйреніп қалған жас жауынгерлер осынау жауапты сәтте толқығандарын да жасыра алмады.

Жас сарбаздар Отанға адал болуға ант бере отырып, жауынгерлік қызметін жауапкершілікпен адал өтеуге дайын екенін, өзіне зор сеніммен қарайтынын білдірді. Олардың қуанышы бұл күні екі еселене түсті, себебі ата-аналары дәл осы сәтте қастарынан табылды. Жауынгерлердің туған туыс, бауырларының жүздерінен қуаныш белгісі анық байқалды. «Отан қорғаушылардың салтанатты түрде ант қабылдауы қауантарлық жағдай. Әскери ант талаптары бұл халықтың қаруланған қорғаушыларына қойған талабы. Сондықтан ант заңды және құқықтық акт болып табылады, оны қабылдаған әрбір адамға тек қана құқықтық емес, сондай-ақ өнегелі, моральдық міндет жүктеледі. Ол оны бейбіт уақытта да және соғыс кезінде де мүлтіксіз орындау тиіс. Ант қабылдаған сарбаз Қарулы Күштердің жауынгері, қаруланған Отан қорғаушысы болып, өзінің іс-қимылдары мен әрекеттеріне, елдің қорғаныс қабілеттігін нығайтуға, ҚР жауынгерлік әзірлігін жоғарылатуға, өз мемлекетін ұлттық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге жауапты болады. Антыңа адал бол, жас жауынгер!», – деп ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Маутенбаев Ахат Азханович оларға деген ізгі ниетін білдірсе, Астана қаласының Алматы аудандық ҚІжД бастығы полковник Хамидуллин Наиль Равильевич салтанатты түрде ант қабылдаған сарбаздарға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

Бір сөзбен айтқанда, жауынгер жолдастарының алдында, қолына қару алып, қол қойып растаған кезден бастап әскери ант қызметі мен өміріндегі бұзылмайтын заң болып қалады. Сол сәттен бастап ол үшін әскери өмірдің барлық ауыртпалықтары, жаңа білім, жаңа жолдас, жаңа өмір басталады.

Ант беріп, сарбаз қатарына іліккен жауынгерлерге салтанатты шара соңында ата-ана, туғандарымен қауышуға уақыт берілді.

Отаныңа, халқыңа ақтық демің шыққанша адал болу, қажет болса, жан қию деген сөз. Ант-адалдықтың рухы. Халқымыз «Анттан аттағаның – ардан аттағаның», - дейді. Талай ғасыр халқының еркіндігін сыртқы жаулардан қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздың аманаттаған Отанымыздың тәуелсіздігін қырағы күзету – ең ұлық қызмет. Сондықтан анттарыңа әрдайым адал болыңдар!

Капитан Ж.Бөгісова


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи