Отан - оттан да ыстық

Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы. Күні кеше ел шетіне жау тиген заманда аталарымыз ел асып, қырық бірдің соғысын көрді. Араға отыз жылдан астам уақыттан соң Ауғанстан асып, ерлеріміз абыроймен міндеттерін орындады. Екі соғысты көрген ерлеріміз Отан үшін оққа кеудесін тосты, жан беріп, жан алысты. Өйткені, олар жаудан елін-жерін қорғады, бейбіт күнді бүгінгі ұрпаққа сыйлады.
Қазір бейбіт заман. Қорғанысымыз мықты, айбарлы әскеріміз бар. Келешекте ел қорғаны болар ұрпақ та өсіп келеді. Олардың да Отан десе жүректері лүпілдеп, жігерлері тасып, ойлары ортақтасатыны көрініп-ақ тұр.

ОТАН – ОТТАН ДА ЫСТЫҚ

Болашағымыз өскелең ұрпақтың салт-санасы мен білім көкжиегіне байланысты. Осы орайда генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 10-сынып тәрбиеленушілерінің ұстанымы берік, мақсаты айқын екенін білдірді. Сонымен...

 

Тәрбиеленушілер Жасұлан МҰСАЕВ пен Бақдәулет МЕЛИХАНОВ:

 

–  Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры және Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың өткен өмір жолы біз үшін үлгі-өнеге. Атамыздың өр рухтылығына, ақыл-парасаттылығына және күш-жігеріне бас иеміз. Өйткені, ол отты бiр кезеңiнде өмiр сүрдi, қиындықта халқына қалқан бола бiлдi. Нағыз ерлік пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің үлгісін осы кісіден-ақ көре аламыз. Ата атындағы мектепті таңдауымыз да сол себептен деп нық айтамыз.

Бала күнімізден алға қойған мақсатымыз – келешекте ел қорғанына айналу, Отанға мінсіз қызмет ету. Себебі, қазақ топырағынан жаратылып, кіндігіміз кесілген туған жерді қадірлеп, қастерлемесек, кім болғанымыз?! Қазақ перзенттері бола тұра оның бейбіт күнін, тыныштығын сақтамасақ, еліміз кімге керек?!

Бұл Қазақстан елін ата-бабамыз қасықтай қаны қалғанша қорғады, бізге мұрат етті. Сондықтан қашан да «Отан үшін отқа түс, күймейсіңді» ұстанамыз.

 

Былтырғы жылдың күзінде әскер қатарына шақырылған сарбаздарымыз қазір Отан қорғау шебінде жүр. Солардың ішінде әскери өмірдің қыр-сырын меңгеріп, темірдей тәртіпке бағынып, бөлім басшылығының көзіне түсіп жүргендер де бар. Бізге ой бөліскен келесі буын өкілі – ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкі әскери бөлімі басшылығының Алғыс хатына ие болған жас сарбаз Дияс Болатбекұлы КӨШКІНБАЙ:

 

 

– Елдің ең қымбаты – ата-мекені, туған жері. Қандай кезеңдерде болсын ел мен жерді қорғау – әрбір азаматтың негізгі міндеті, қасиетті борышы. Сондықтан да халық батырын сыйлаған, ерлікті ең биік құндылық санаған.

Мысалы, мен Жамбыл облысы, Шу ауданының тумасымын. Бала күнімізде ел тағдыры таразыға түскен кезеңде ерен ерлігімен көзге түсіп, осы өңірінен шыққан Ақша батыр (1688-1762), Қозыүй (1599-1673), Танабай (1699-1785), Көтентай (1707-1769), Жәдігер (1709-1783) және тағы басқа батырлар жайлы көкірегі ояу, көнекөз қарттар талай аңызға бергісіз ақиқаттарды айтып тауыса алмайтын. Одан бергісінде, бізге Шу өңірінен шыққан Кеңес одағының батырлары Саттар Естемесов, Сәду Шәкіровтердің есімі санамызда жатталып қалды.

Жоғарыда аталған жандар кім үшін күресті, не үшін соғысты?! Әрине, Отанымыз үшін, біздердің бақытымыз үшін. Ұрпақтың келешегіне аландаған ата-баба ісін біз де жалғастыруға тиіспіз. Әрбір десін міндеттіміз.

Мен – қазір Отан қорғау сапында жүрген жас сарбазбын. Бүгінгі күнде де, келешек те де, Отаныма мінсіз қызмет етуге және оны шексіз қорғауға міндеттімін. Армиямыздың жас сарбазы ретінде осыған уәде беремін!

 

 

Еліміздің Қарулы Күшінде жиырма жылдан астам қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі әрі білікті офицердің ойын білгенді де жөн санадық.

Елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіндегі зымыран әскерлері мен артиллерия кафедрасының бастығы, полковник Әлібек МҰҚЫШЕВ былай дейді:

– Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда қайда құлақ түрсең де, қырғи қабақ соғыс,  жанжал. Мемлекет ішінде шешілетін болмашы бір мәселе халықаралық дауға айналып кетуі көптеп кездеседі.

Кезінде соғыс біздің елден де айналып өткен жоқ. Қаншама ерлеріміз Отан үшін отқа түсіп,  толарсақтан саз кешті. Қаншама ана ұлынан айырылды, қаншама әйел жесір, қаншама бала жетім қалды. Сондықтан тәуелсіз елдің баласы үшін бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ. Бейбіт күннің қадірін білген адам Отанын еш жауға бермейді де, оны еш сатпайды да.

Біздің Әскери доктринамызда көзделгендей, бейбітшілікті сақтауға, осы тұрақтылықты нығайтуға Қарулы Күшіміз септесіп отыр. Жоғарыда атап өткен қырғи қабақ соғыстың тұтанбауына біздер, Отан қорғаушылар кепіл бола аламыз.

«Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады» деген даңқты қолбасшы, батыр Бауыржан Момышұлы. Өр рухты, мықты ерлер барда Отанымыз қорғауда және қорғала береді деп бек сеніммен айта аламын. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"