Болашақ сардарлар бақ сынайды

Алматы облысындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейінің базасында бүгін «Сардар» ІІІ республикалық кешенді олимпиадасы басталды. Оған әскери мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің, жалпы білім беретін мектептердің 60-тан аса оқушысы қатысады.

Олимпиада 2 кезең бойынша өтеді. Теориялық кезең – математика, физика, қазақ және орыс тілдері, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша тестілеу. Практикалық кезең – алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру, жеке саптық даярлық, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру, 1 000 метрге жүгіру, 100 метрге жүгіру және белді қатайту бойынша нормативтерді орындау. Бұдан өзге, алғашқы әскери дайындық оқытушыларына арналған «Қазақстан мектептерінде алғашқы әскери дайындықты оқытудың заманауи әдістері» атты тақырыпта семинар өтеді. Олимпиадаға қатысушылар Құрлық әскерлерінің әскери институтына саяхат жасап, құрметті қарауыл ротасының қойылымын көреді, сондай-ақ оларға ҚР Ұлттық музейін аралауды ұйымдастыратын болады. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасының байқау қорытындысы бойынша Гран-при «Жас ұлан» республикалық мектебіне берілген болатын. Олимпиада еліміздегі азаматтық және әскери мектеп түлектерінің интеллектуальдық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ әскери қызмет пен Қарулы Күштердің беделін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, бұл олимпиада жасөспірімдердің Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына түсуге даярлығына жүргізген өзіндік тексеруі болды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"