Оқушыларды Отан қорғауға баулыды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 30217 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өз қамқорлығындағы 7-ші мектеп-лицейдегі шараға қатысып, егемен еліміздің айбынды армиясы туралы жан-жақты ақпарат берді.

«2016-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, өзге әскер мен әскери құрамаларда құқық бұзушылықты сауықтыру бағдарламасын» жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарына сәйкес, болашақ Отан қорғаушыларға мол мағлұмат ұсынылды. Білім ұясындағы бұл іс-шара барысында танк ротасының командирі аға лейтенант Ибрагим Төлеуғазинов пен 3-ші сынып сержанты Бауыржан Кәрібеков жиналған жұртты өз өнерімен тәнті етті.

Әскери қызметшілер концерттік бағдарламадан кейін жоғары сынып оқушыларымен ұйымдастырылған кездесуде әскери-патриоттық тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жедел мерзімді әскери қызметті өтеудің шарттары, әскери қызметшілерді әлеуметтік жағынан қамтамасыз етудегі өзгерістер, Қарулы Күштердегі қару-жарақтың жаңа түрлері жайында да әңгімеледі.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"