Оқу-жаттығу сабақтары сарбаздарды шыңдайды

Еліміздегі барлық әскери бөлімдер белгілі мерзімдер арасында далалық оқу-жаттығу полигондарында жауынгерлік әзірліктен өтіп тұрады. Осыған сәйкес, 35748 әскери бөлімнің сарбаздары әскери техниканың қатысуымен ату-жаттығу бақылау сабақтарын өткізді.

Жауынгерлік жаттығу – әскер құрамының әзірлігі мен қуатын айқындайды. Сонымен қатар сарбаздардың біліктілігін, ептілігін, дәлдігін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, сарбаздар қашан да және қандай жағдайда болсын қарсыласқа тойтарыс беруге тас-түйін дайын болуға тиіс..

     Айта кетейік, Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов қорғаныс саласының негізгі бірнеше бағыттарына мән беруді тапсырған болатын. Соның бірі – жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыру. Осы мақсатта өткізіліп отырған мына оқу-жаттығудың да маңыздылығы жоғары .

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Арыс» оқу-жаттығу полигонында тапсырманың алғашқы кезеңі қалашықты басып кірген лаңкестердің көзін жойып, кепілге алынған тұрғындарды құтқару еді. Сынақтың бұл түрінде жауынгерлердің жауға қарсы бағытталған біліктіліктері сыналды. Алайда, тапсырма тиянақты орындалды. Сын сағатта сарбаздар сыр бермеді.

      Өткізілген сабақтың нәтижесіне ҚР ҚК Бас штабы комиссиясының өкілдері өз деңгейіне байланысты баға береді. Қысқасы, осы сияқты жаттығулардың арқасында Қарулы Күштеріміздің бұғанасы бекіп, қанаты қатаятынына сеніміміз мол.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"