Оқу-әдістемелік жиын

Оқу-әдістемелік жиын

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен құрылымдарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен 2018 оқу жылын қорытындылаған оқу әдістемелік жиын өтті.

Әскери қалашықтағы 28738 әскери бөлімінің базасында оқу әдістемелік жиынның жоспары түсіндіріліп, барлық топтарда лездеме ұйымдастырылды. Жалпыәскери штабтардың қызметі жөнінде нұсқау беру және жауынгерлік қолданыстағы ережелерінің талаптары жөнінде білімдері тексерілді. Жауынгерлік әзірлік пәндері бойынша кешенді тестілеу болып, әскери топография пәнінен сынақ жүргізілді. «Әскери бөлімде автоәуесқойлар қоғамының жұмыс тәртібі», «Батальондардың (дивизиондардың) далалық қоныстануын жоспарлау мен өткізудің тәртібі», «Батальонда (дивизионда) мамандық бойынша дайындықты ұйымдастыру мен өткізу, жауынгерлік әзірлік жөніндегі нұсқаушылардың рөлі мен орны» тақырыбында оқу-әдістемелік сабақтар өтті. Қару-жарақ пен әскери техниканы маусымдық режимге көшіру даярлығын тексерудің тәртібі, әскери бөлімдегі қоймада қару-жарақ пен оқ-дәріні сақтаудың тәртібі, көшпелі қарауыл қызметін атқарудың тәртібі мен ұйымдастырылуы, ұрысты басқару жөнінде бригада командирлерімен сыныпта дәріс өткізу мен ұйымдастырудың әдістемесі, әскери тәртіпті күшейту жөнінде сержанттық құрамның жұмысы талқыланған тәжірибелік сабақтар болды. Топтық дәрістер, әскери-ғылыми конференция да ұйымдастырылды. «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының орынбасарлары да оқу жылын қорытындылап, баяндама жасады. Бұдан соң 2018 оқу жылындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен басқарма органдары дайындығының қорытындысы туралы бұйрық оқылып, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағанов жауынгерлік жарыстың жеңімпаздарын марапаттады. Мотоатқыштар, танк батальондары, артиллериялық, зымыранды, зенитті дивизиондар, штабтық, барлау, материалды-техникалық қамтамасыз ету, инженерлі-сапер, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау және байланыс батальондары, байланыс тораптары арасында топты жарғандар мадаққа ие болды. Елеулі еңбегі үшін бір топ әскери қызметшіге мақтау грамотасы, тағы бірқатарына бағалы сыйлықтар да табыс етілді. Сөйтіп 2018 жылғы оқу кезеңіндегі жауынгерлік жарыстың қорытындысы бойынша жалпыәскери құрылымдар арасында 1 орынды 27943 әскери бөлімі, артиллериялық құрылымдар арасында 36803 әскери бөлімі, резервтегі құрылымдар арасында 36376 әскери бөлімі, жедел(техникалық) қамтамасыз ету бөлімдері арасында 44736 әскери бөлімі, сақтау базалары арасында 15701 әскери бөлімі, жеке әскери бөлімдердің арасында 32355-К әскери бөлімі, әскери медициналық мекемелер арасында Семей қаласының әскери госпиталі 1 орындарды алды.

   Алда тұрған міндеттер жетерлік. Әскери мамандықтарға қатысты «АрМИ-2019», «Танк биатлоны», «Суворов шабуылы», «Артиллериялық атыс шеберлері», «Әскери барлаудың үздіктері» және тағы басқа байқауларға қатысу үшін де дайындыққа барынша күш салу керек. Құрлық әскерлеріне жүктеліп отырған міндет – қазіргі соғыс пен қарулы қақтығыстардың түр-сипатына сәйкес, әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және мобилизациялық әзірлігін одан әрі көтеру, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, жеке құраммен жұмыс сапасын арттыру. «Рухани жаңғыру – жауынгерлік рух тірегі!» жауынгерлік ұранымен басталатын 2019 оқу жылында жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруде жеке құрамның қимылын одан әрі жетілдіруге, елді мекендер мен таулы жерде ұрысты жүргізу үшін құрылымдардың дайындығын арттыруға, басқарма жүйесі мен әскерилердің дене дайындығын күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа оқу жылында жауынгерлік әзірлікті ұйымдастыру барынша жақсартылып, әскерилердің кәсіби біліктілігі мен жоғары тәртібіне де ерекше мән беріледі.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства