Онкүндік аясындағы іс-шара

  Құрылымды бұзатын идеялардың кіруіне жол бермеу мақсатында 48386 әскери бөлімінің жеке құрамымен үстіміздегі жылдың 6 тамызынан 15 тамызы аралығында алдын алу профилактикалық онкүндігі өткізілді.

Онкүндіктің басты мақсаты – еліміздің қауіпсіздігіне қауіп тудыратын маңызды факторларды болдырмау. Осы онкүндік шеңберінде бөлім басшылығы бізді бөлімге арнайы шақырып, жеке құраммен кездесу өткізді.

         Бөлімде онкүндікті өткізу туралы бөлім командирінің бұйрығы шығарылып жоспар бекітілген және осы жоспар бойынша тиісті алдын алу іс-шаралары өткізілуде.

         Әскери қызметшілермен теріс ағымдар туралы сараптама талқыланып, бөлімдегі көрнекілік ақпарат бұрыштарына арнайы дайындалған насихат парақшалары ілініп, әскери бөлім аумағында бөгде адамдардың және деструктивті әдебиеттің кіруінің алдын алу мақсатында бақылау өткізу режимдері күшейтілген.

         Кездесуде жеке құрамға Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы жеке құрамға жеткізілді және "Армия ортасында теріс ағымдарға жол жоқ" атты ұранмен акция өткізілді.

         Сонымен қатар жеке құрамға дінге қатысты кез келген мағлұмат алуға Алматы облысы Дін істері басқармасының жанынан құрылған «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» 8-800-080-28-95 атты «Сенім телефоны» және тәулік бойы республикалық «ҚАУЫРТ ЖЕЛІ-114» телефонына хабарласуға болатындықтары жеткізілді.

                        

 

            Нұрбол ЗЕЙТИНОВ,

Талдықорған гарнизонының Әскери полиция

бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің

                                                          аға офицер - уәкілі әділет аға лейтенанты


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"