«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында екі деңгейлі командалық-штабтық оқу-жаттығу аяқталды

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында екі деңгейлі командалық-штабтық оқу-жаттығу аяқталды

«Айша-бибі» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланыс бөлімшелерімен екі деңгейлі командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығуға «Оңтүстік» ӨңҚ 85395 және 28903 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері тартылды. Оқу-жаттығу үш кезеңде өткізілді. Бастапқы кезеңде бригада басқармасының офицерлері подполковник Ержан Ыбыраевтың қолбасшылық етуімен бригаданы жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру мәселесі пысықталды.

Екінші кезең барысында дағдарыс ауданына марш ұйымдастырылды және соңғы кезеңде арнайы әскери іс-қимылдар өткізілді. Оқу-жаттығу шеңберінде «Айша-бибі» полигонында далалық жағдайларда байланысты қамтамасыз ету мақсатында басқар упункттері мен далалық байланыс торабы өрістетілді. 28903 әскери бөлімінің байланысшылары алдында командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында жоғары тұрған штаб пен бағынысты бөлімшелерді барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету тапсырмасы тұрды. Оқу-жаттығудың өткізілуі мен тапсырмалардың орындалуын бақылауды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы жүзеге асырды.
«Өткізілген оқу-жаттығу бағынысты бөлімшелерді басқару, сондай-ақ өзара іс-қимыл мен жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша тапсырмаларды орындауда командирлер мен штабтарға жақсы тәжірибе берді. Әскерлер күрделі жағдайларда полигонда тапсырмаларды орындау кезінде далалық машықтарын арттырды», - деді «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының міндетін атқарушы полковник Асан Жүсіпов.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"