«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында барлау бөлімшелерімен бақылау кешенді сабақтар аяқталды

Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонында арнайы мақсаттағы бөлімдер мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің барлау топтарымен бақылау кешенді сабақтар өткізілді.

Сабақтардың негізгі мақсаты барлау бөлімдері мен бөлімшелерінде жауынгерлік және арнайы дайындықтың сапасын арттыру болып табылады. Бұл әртүрлі гарнизондардан полигонға келген барлау топтары арасындағы сайыс. Оқытудың бастапқы кезеңдерінде барлау топтары қарысласы тылында жауынгерлік тапсырманы орындауға дайындықты жүзеге асырды. Олар барлау топтарын жауынгерлік әзірліктің әртүрлі дәрежелеріне келтіру жөніндегі мәселелерді пысықтады. Бақылау кешенді сабақтар барысында барлаушылар жергілікті жердегі қайта базалауды жүзеге асырды және тапсырманың нысанын іздестіруді жүргізді. Ол үшін бақылау нүктелеріне шыға отырып, көрсетілген бағдар бойынша ілгерілеуді жасады. Көрсетілген ауданда барлауды жүргізу және нысанды іздестіру үшін барлау топтары соққы жасау үшін авиацияны келтіруді жүзеге асырды.
Шешуші кезеңде барлау топтарының көрсетілген ауданға шығуы, биіктікті бағындыру және қорғанысқа көшу ұйымдастырылды.
«Бақылау кешенді сабақтарының басты мақсаты арнайы тапсырмаларды орындауға дайындық кезінде барлау бөлімшелері жеке құрамының жоғары далалық машығына қол жеткізу болып табылады. Офицерлер мен сержанттар құрамы сапалы әдістемелік дайындықты алды, қысқы жағдайларда таңсық жерде тапсырмаларды орындауға барлаушылардың дайындығы тексерілді», - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы барлау басқармасының бастығы подполковник Дмитрий Шиповский.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"