«Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының басқару органдарымен командалық-штабтық оқу-жаттығулар басталды

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектановтың жетекшілік етуімен Қазақстанның оңтүстігінде «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының басқару органдарымен екі деңгейлі екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты арналым бойынша басқару органдарының жауынгерлік әзірлігі мен қойылған тапсырмаларды белгіленген мерзімдерде орындау қабілеттіліктерін, сондай-ақ шешім қабылдаудағы үйлесімділіктерін тексеру болып табылады. Аталмыш оқу-жаттығу 2018 жылға арналған Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдері басқару органдарының дайындық жоспарына сәйкес өткізілуде. Оқу-жаттығу кезеңінде әртүрлі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау жоспарлануда. Оларды орындау үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқару органының жеке құрамы әскери-көлік авиациясымен Жамбыл облысының «Айша-бибі» оқу-жаттығу полигонының аумағына алмастырылады. Оқу-жаттығу полигонында екі өңірлік қолбасшылықтың жедел құрамдарды шоғырланғаннан кейін шешім қабылдау және операцияларды жоспарлау жүргізіледі. Командалық-штабтық оқу-жаттығудың шешуші кезеңі «Отар» 40-шы әскери базасының «Мәтібұлақ» полигонында жауынгерлік оқ атумен батальондық-тактикалық оқу-жаттығудығ өткізілуі болмақ. Оған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының танк батальоны және ауыр гаубицалық артиллериялық дивизионы қатысады. Оқу-жаттығудың өткізілуі басқару органдары офицерлерінің деңгейін бағалауға, ал әскери бөлімдердің әскери қызметшілері үшін жауынгерлік оқ атулар жауынгерлік даярлықтың практикалық дағдыларын тексеруге мүмкіндік беретінін айта кету қажет. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"