Он әскери қызметші дене даярлығы бойынша «Үздік» дәрежесін алды

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлерінде 2016 жылға арналған әскерлерді даярлау жоспарына сәйкес батальон (дивизион) сержанттарымен командирлік даярлық бойынша жиын өткізілді. 85395 әскери бөлімінің базасында  батальон (дивизион) сержанттарымен  командирлік даярлық бойынша  жиын ұйымдастырылып, өткізілді.

Командирлік даярлыққа барлығы 40-қа жуық әскери қызметші тартылды. Күн сайын әскери-спорттық кешен жаттығуларын қабылдау арқылы батальон (дивизион) сержанттарының дене дайындығы тексерілді.  Әскери-спорттық кешен дәрежесіндегі барлық сержанттардан 13 адам тапсырды. Оның ішінде 10 адам «Үздік» дәрежесін, 3 адам ІІ дәреже алды.  Командирлік даярлыққа қатысушылар арасында дене даярлығынан тоғыз норматив бойынша орташа 210 ұпай жинап,  жоғары нәтижеге 01731 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 2-сыныпты сержант Ерболат Ағыбаев қол жеткізді. Командирлік даярлыққа қатысушылар арасында оқ ату бойынша 92 ұпай жинап, жақсы нәтиже көрсеткен 85395 әскери бөлімінің әскери қызмстшісі 2-сыныпты сержант Бауыржан Майлыбаев болды.  «Жалпы алғанда, командирлік даярлық олқылықсыз және қауіпсіздік шараларының бұзылуынсыз өткізілді. Оқыту пәндері бойынша берілген сағат саны толық көлемде пысықталды. Үйренуші сержанттарға қойылған тапсырмалар 100 пайызға орындалды. Сержанттар құрамының кәсіби деңгейін арттыру бойынша мақсатқа қол жеткізілді», - деді өңірлік қолбасшылықтың сержанты – «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі топ бастығы штаб-сержант Болат Жайсанбаев.   Командирлік даярлықты өткізу мақсаты батальон (дивизион) сержанттарының кәсіби деңгейін арттыру, кәсіби даярлық шеңберінде олардың білімін тексеру, лауазымдық арналуына сәйкес іс жүзіндегі сәтті қызмет үшін жеткілікті көлемде сержанттардың әскери, техникалық және арнайы білімді меңгеруі, сондай-ақ оқыту мен тәрбие берудің бірыңғай әдістемесін анықтау, бағыныстыларды оқытуда инновациялық, перспективалық үлгілер мен әдістерді енгізу болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"