Өзекті мәселені ортаға салды

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, өзге әскер мен әскери құрамаларда құқық бұзушылықты сауықтыру бағдарламасын» жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарына сәйкес, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 36803 әскери бөлімінде әскери ортада экстремизм және терроризм идеяларының таралуына қарсы іс-әрекет жөнінде дөңгелек стөл ұйымдастырылды.

Жеке құрамның алдында бөлім командирі полковник Еркебұлан Сүлейменов, Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің идеологиялық жұмыс және арнайы насихат жөніндегі офицері майор Рашида Жанатаева, Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Арман Рымқанов, дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Дарын Садықов діни экстремизм мен терроризм туралы ойларын ортаға салды. Экстремизм «лаңкестік» деп те аударылып, оның ылаң салу, бүлік шығару, бұзақылық жасау деген ұғымға жақын келетіні жеткізілді. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм,ал, террорлық әрекеттің көздегені – қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту екені баяндалды. Ғаламтор арқылы төніп тұрған үлкен қауіп туралы, әрі әлеуметтік желілерде дәстүрлі діндерден алшақ сенім-нанымдар уағыздалып, жастардың санасының уланып жатқаны да баса айтылды. Әскери қақтығыстар болып жатқан жердегі халықаралық лаңкестік ұйымдарға мүше болған Қазақстан Республикасы азаматының жұбайы туралы фильм де көрсетілді.


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"