Өз жерлестерінен хаттар алды

Өз жерлестерінен хаттар алды

Жаңа жыл қарсаңында «Сарбазға хат жаз» әскери-патриоттық акциясы шеңберінде ҚР Қарулы Күштері қатарында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызмтешілерге ыстық тілек-лебіздер жазылған 450-ден аса хат келіп түскен.

Мерзімді әскери қызметшілер туысқандары мен жерлестері жолдаған хаттарды оқыған сәтте өздерінің сезімдері мен қуаныштарын жасыра алмады. Әскери қызметшілер қызметтерін мақтан тұтты. Хаттар әскери қызметшілерге мықты рух берді. Олар балалардың суреттерін қуана-қуана қарап, пікірлер жаудырды. Ал кейбіреулері тіпті ол суреттерден өздерін және таныстарын байқап қалды. Сондай-ақ оларға жас қазақстандықтар шығарған өлең жолдары ұнап қалды.
«Хабар-ошарды алу әрқашан қуаныш сезіміне бөлейді. Бейтаныс адамдардан болса да. Кімнің жібергені маңызды емес. Хаттың мазмұны маңызды. Менің кіші інім бар. Борышымды өтеп, үйге оралған кезде оған әскердегі сарбаздарға хат жазуға болатынын және қажет екенін айтып беремін. Бұл хаттар оларды шаттық сыйлайды», - дейді Шығыс Қазақстан облысынан шақырылған десанттық-шабуылдау әскерлері 44013 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі Виктор Цепневский.
«Бұл тосыннан болды және қуантарлық жәйт. Бізді ұмытпай хат жазған барша қауымға көп рахмет. Біз өзіміздің конституциялық міндетімізді абыроймен және лайықты түрде орындаймыз», - дейді Солтүстік Қазақстан облысынан шақырылған «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Азамат Ысмайылов.
Қазақстанның Қарулы Күштерінде Жаңа жыл қарсаңында «Сарбазға хат жаз» әскери-патриоттық акциясы өткізілгенін естеріңізге сала кетейік. Бүгінде хат жазу сәнге айналмаса да мерзімді қызметтегі сарбаздар үшін хаттар оларды үйімен, достары және туған қаласымен байланыстыратын көпір болып қала береді. Бүгінде сарбазға хат жазу әскери өмірдің көңіл жібітетін парақшаларының бірі болып қалуда.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?