Өзіңді де, өзгені де түсінуге үйретеді

Өзіңді де, өзгені де түсінуге үйретеді

Психологиялық тренинг түрлі рөлдік ойындар, жағдаяттардан тұратын жаттығуларды шешу арқылы топтық және тұлғалық қажеттіліктерді түсінуге көмек береді. Психологиялық консультациядан тренингтің айырмашылығы топпен қарым-қатынас құрудағы қиындықтарды жеңу, өз болмысыңдағы эмоциялық бекіністерді ашу, өзіңнің және өзгенің іс-әрекетін байқау арқылы даралығын бағалау, құрметтеу, коммуникативтік дағдыны дамытуға, ой мен шығармашылық қабілетін дамытуға, керексіз стереотиптерді жоюға, проблемаларын шешуге ықпал етеді.

Осыған орай әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің құрамындағы тәжірибелі психологы ретінде 21450 әскери бөлім басшылығының жетекшілігімен бірнеше психологиялық тренингтер өткіздік. Тақырыптары да өзекті, әрбір отбасы үшін маңыздылығы жоғары. Айта кетсек, «Ер мен әйел қарым-қатынасы», «Отбасындағы дағдарыс кезеңдері», «Суицидті алдын алу», «Ата- ана мен бала арасындағы көпір» атты тақырыптарда психологиялық іс -шаралар.

Мұндағы басты мақсат – отбасы құндылығын, бала тәрбиесін, қоғаммен қарым-қатынас қиындықтарын шешу жолдарын қарастыру, өзгені емес өзіңді өзгертуге дағдылану. Сонымен қатар психологиялық білім беру мақсатында Алматы қаласынан гештальт – психолог маманын шақыртып, «Жанұя қарым -қатынасы» тақырыбында семинар - тренинг өткізілді.

Осы өткізілген тренингтерді қорытындылап көрсек, қатысушылар кері байланыс кезінде, отбасы қарым-қатынасы барысындағы түсініспеушілік жайында және сол жағдайдан тиімді шығу жолдарында кейде білместіктер болатынын алға тартты. Суицид тақырыбына арналған тренингте көпшілігіне бұл тақырып жағымсыз болып көрінгені байқалды, дегенменде өз пікірлерін бөлісуде белсенді болды. Әсіресе «Ата-ана мен бала арасындағы көпір» атты тренингі балалары ер жетіп кеткен ата-аналар үшін өте әсерлі болғаны байқалды, көпшілігі бала тәрбиесінде олқылықтар болып тұратынын мойындай білді.

       Жалпы эмоционалды әйел заты – отбасының берекесі, ұйытқысы рөлін атқарғандықтан психологиялық дамуға, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап іздеуге бейімділігі жоғары жандар. Ал Отан – отбасынан басталады, отбасы – бүтін жүйе, әр жанұяда мемлекетіміздің болашақ ұрпағы психологиялық сауатты, жан дүниесі рухани бай болып өсуі үшін, ер мен әйел бірге үйлесім табуға ұмтылмаса, нәтиже болмайды, демек отбасы мығым болуы үшін ер азаматтың да рухани өсуі маңызды.

                             ҚР ҚК азаматтық персоналы Қ. Айтмырзаева,

 

21450 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен

жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтің нұсқаушы – психологы

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи