Өскемен гарнизонында штаттық атыс өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің жалпыәскери полигонында штаттық атыс өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

   Оған ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері 68665 әскери бөлімінің, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Семей гарнизоны 30217 әскери бөлімінің, Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің танк роталары қатысты. 1130 аттың күші бар Т-72 танкісін тізгіндеген әскерилер әр түрлі қашықтықтағы нысанаға оқ атты. 

Танк командиріне және нысанашының оқ атуы мен механиктің жауынгерлік көлікті жүргізуіне қатысты әрбір элемент зерттеліп, экипаждың ауызбіршілігі артты. Қатысушылар атысқа әзірлік және атысты жүргізудің негізгі әдіс-тәсілдерін жан-жақты меңгерді. Атысты басқарудың сапасына күш салды. Әсіресе шыңдалу шеберлігі мен жауынгерлік машыққа, кәсіби амалдар мен қимыл-әрекеттерді орындаудың деңгейіне, ұйымшылдық пен ұқыптылыққа мән берілді. Белгіленген нысанаға оқты дәл тигізе білуде сержант Аяз Абаев (27943 әскери бөлімі), сержант Дәурен Құдайбергенов (27943 әскери бөлімі) озық шықты.

   Штаттық атысты «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Асқар Акишев бақылап, Өскемен гарнизонының бастығы – 27943 әскери бөлімінің командирі подполковник Ержан Ибраев жетекшілік етті. Айта кетейік, өңірліктердің танк роталары қамтылған штаттық атыс осымен жетінші жыл ұйымдастырылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"