Өскелең ұрпаққа беретін өнегесі мол

Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағында Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды.  

Жеке құрамның алдында М.Қозыбаев атындағы тарих және саяси-әлеуметтік зерттеулер ғылыми орталығының директоры, тарих ғылымының кандидаты, доцент, академик Мұхтарбек Қарпықұлы Кәрімов «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының құнды пікірмен ерекшеленетініне тоқталды. Ұлттың патриоттық сезімін оятуда үлкен істерге жол ашатынын баса айтты. Әсіресе жастардың болашағына байланысты көптеген қажетті деректерге түсінік берді. «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі» деп Президент айтып өткендей, мемлекетіміздің өркендеуі мен рухани жаңғыруына күш-жігерді салуға үндеді. Мұхтарбек Кәрімов әскерилердің сұрақтарына да жауап берді.

 

Алуа ИСКАКОВА

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи