Жақында Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінің ұландары Опера және балет театрына барды.
"Қазақтың бұлбұлы" атты бұл жолғы концерттік бағдарлама КСРО Халық әртісі, Қазақстан Республикасының мемлекет сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына арналды.
Мектеп ұландары халық әндері "Бір бидай арпа", "Илигай", "Секіртпелі сем-сем", "Ақбақай", "Ахау, керім", Сегіз серінің "Гаухартасын", Жаяу Мұсаның "Сұрша қызын", Н.Тілендиевтің "Алатау" әндерін тыңдап, ұлы даланың өткен өмірін, философиялық тағылымын, кең пейілділігін, бүгінгі ұрпаққа жеткен ой-армандарын музыка тілімен түсініп қайтты. Сондай-ақ, бұл кеште қазақ халқының көптеген әндерімен қатар шетел әндері де орындалды.